Жаңалықтар

Жаңалықтар


29.04.2014 ҚазҰУ Әйелдер одағының салтанатты жиналысы өтеді

30 сәуір 2014 жылы сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған ҚазҰУ Әйелдер одағының салтанатты жиналысы өтеді (ректорат 15-қабат).


28.04.2014 Студенттер әдеби шығарманы талдауға шақырады

2014 жылдың 29 сәуірінде (сағ. 16.00) заң факультетінің 410 аудиториясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті оқуға міндетті «100 кітап» жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітабын талқылауға арналған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының доценті А.Ж.Жарболова, доцент Мынбатырова Н.Қ, «Конституционалист», «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубтарының ұйымдастыруымен әдеби-шығармашылық кеш өтеді.


28.04.2014 Бүкіләлемдік «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпаздары анықталды

Сәуірдің 26 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтында әлемде қытай тілін таратуды басқаратын топтың Бүкілқытайлық мемлекеттік Канцеляриясының бастамасымен жыл сайын ұйымдастырылатын Бүкіләлемдік “Қытай тілі көпірі” сайысының Алматы қалалық байқауында және Республикалық байқауы өз мәресіне жетті.


28.04.2014 «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты форум өтеді

2014 жылы сәуірдің 29-30-да Алматы қаласында, Бас прокуратура Институтымен Қазақстан Республикасының дін жұмыстарының Агенттігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Діни экстремизммен терроризмге қарсы іс-әрекеттеріндегі жастардың рөлі» атты халықаралық форум өтеді.


28.04.2014 ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайысында 3-орынға ие болды

2014 жылдың 21-22 сәуір күндері ҚазҰУ-дың студенттік командасы Enactus Kazakhstan National EXPO 2014 студенттік жастардың әлеуметтік және Бизнес-жобалардың ұлттық сайыстарына қатысты.


28.04.2014 Жастар экология мәселелерін шешуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Әлия Назарбаеваның қолдауымен Қазақстан Республикасының І Ұлттық Экологиялық жастар форумы шеңберінде «Жастар. Экология. Мәдениет» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылыми-теориялық мүмкіндіктерін көрсеткені және ұсынған зерттеу жұмысының тәжірибелік мақсаттылығы мен өзектілігі үшін жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 2-курс магистранты Айжан Нұғыманованы ҚР білім және Ғылым министрлігінің вице-министрі Такир Балықпаев марапаттады.


28.04.2014 Қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет республика дәрежесінде мастер-класс өткізді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының доценті Ф.Н. Дәулет «Аудармаға баулудың инновациалық технологиялары мен әдістері» пәні бойынша «Аударма-тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы» тақырыбында республикалық дәрежедегі шеберлік сағатын өткізді.


28.04.2014 Денсаулықты жақсарту жолдарына арналған іс-шара өтті

Биофизика және биомедицина кафедрасында «Салауатты дене мәдениеті» жобасы шеңберінде «Дені саудың-жаны сау» тақырыбына іс-шара өткізілді.


23.04.2014 ҚазҰУ-да Францияның Бас Консулы Патрик Ренардың көшбасшылық дәрісі өтті

ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулы Патрик Ренар мырзаның «Францияның әлемдік саясатындағы рөлі және Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастығы» атты тақырыпта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары үшін көшбасшылық дәрісін ұйымдастырып, университеттің Ғылыми кеңес залында өткізді.


23.04.2014 Профессор Х. Суербаевтың дербес шығармашылық көрмесі өтеді

28 сәуір, 2014 ж. сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат ғимаратының фойесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған химия ғылымының докторы, профессор Суербаев Хаким Абдрахимұлының 75 жылдығына орай дербес шығармашылық көрмесі өтеді.