Жаңалықтар

Жаңалықтар


18.04.2014 Шығыстану факультетінде Ресей ғалымы С.Г. Лузянин дәрісі өтті

2014 жылдың 17 сәуірінде шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері: Ауғанстан-ШЫҰ- ҰҚШҰ» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті.


18.04.2014 ҚазҰУ профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалым-профессорлары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткізілген «Қазақстан және әлемдік тарих кеңістігі: жалпы мен ерекшенің «Мәңгілік ел» ұлттық идея арқылы көрінісі» аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында қатысты.


17.04.2014 Қазіргі көркем аударма мәселесіне арналған семинар өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жақсылықов Аслан Жәмілұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Қазіргі көркем аударманың және әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізеді.


17.04.2014 Студент-юристер балалар үйінде болды

Заң факультетінің 2-курсының студенттері өз еріктерімен №2 балалар үйіне барып қайтты.


16.04.2014 Дөңгелек үстелде әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы рөлі талқыланды

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасындағы «Нұр» және «Мәдениет.kz» клубтарының ұйымдастырумен университетіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби мұрасының ислам мәдениетінің қалыптасуындағы орны» атты республикалық денгейде дөңгелек үстел отрысы өтті.


15.04.2014 Конференцияда діни білім беру мәселесі қаралады

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 18 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арналған, «Қазіргі Қазақстандағы діни білім-беру жүйесі: жағдайы және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.


15.04.2014 II Бекхожин оқулары аясында қазақ журналистикасының тарихын зерттеуге арналған республикалык конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді

25 сәуір 2014 жылы (сағ. 10.00) II Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.


14.04.2014 Мүмкіндігі шектеулі студенттер өміріндегі спорттың рөліне арналған конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім алу барысында мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек студенттердің интелектуалды және жеке бастарының дене қабілеттерін жетілдірудегі бейімдеу, дене тәрбиесі мен спорттың рөлі мен орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


14.04.2014 «Қазақ университеті» баспасы - ҚР Кітап палатасының рейтингісінде көшбасшы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасы ҚР Кітап палатасының 2013 жылғы рейтингісінде «Шығарылған атаулар саны бойынша үздік ондық» номинациясында көшбасшы атанды.


12.04.2014 Студенттерге арналған халықаралық ғылыми конференцияда үздіктер айқындалды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына арнап, Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 2014 жылдың 8-11 сәуір аралығында «әл-Фараби әлемі» атты студенттердің Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.