Жаңалықтар

Жаңалықтар


10.04.2014 Бүгін IV Халықаралық студенттік форумы өз жұмысын бастады

ҚазҰУ-да Фараби оқулары аясында «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» IV Халықаралық студенттік форумы өтуде.


08.04.2014 Қадірлі өнер сүйер қауым!

2014 ж. 15 сәуірінде с.14-30-да филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (№3 зал) ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында жоғары оқу орындары студенттері арасында өтетін «Ел ертеңі - жас ұлан» атты айтысты тамашалауға шақырамыз.


08.04.2014 ҚазҰУ магистранттары Лотарингия университетінің түлегі дипломын иеленді

Қос диплом бағдарламасы бойынша білім алған магистранттарға кешегі Ғылыми кеңесте француздық ЖОО президенті Пьер Мюценарт салтанатты түрде диплом табыстады. Ол қос диплом бағдарламасы түлектеріне диплом табыстауға арнайы келген алғашқы университет басшысы болып отыр.


04.04.2014 Гаухар Мұқашева ең үздік эдвайзер атанды

Физика-техникалық факультетінде «Мәслихат» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Супер эдвайзер» атты эдвайзерлер сайысы өтті.


04.04.2014 Аудармашылар сайысы өтті

2 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «Tarzhiman club» жас аудармашылар клубының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр аудармашысы» атты аудармашылар сайысы өтті.


04.04.2014 ҚазҰУ-да «Қазақстанның даму моделі» атты семинар-тренинг өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы «Қазақстанның даму моделі» атты семинар-тренингті ұйымдастырды. Бұл шара «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығының қолдауымен өткізілді.


04.04.2014 ҚазҰУ студенті А. Оңласын таэквондодан 1 орын алды

2014 жылдың наурыз айының 29-30 жұлдызында болып өткен таэквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында 56 кг. салмақта «жеке массоги» бағдарламасы бойынша 1 орын алғаны үшін биология және биотехнология факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Оңласын Анузаны құттықтаймыз!


03.04.2014 ҚазҰУ-ға FISU Президенті Клод-Луи Гальен келді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университет ректоры Ғалым Мұтановтың халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) делегаттарымен және президенті Клод-Луи Гальенмен және бас хатшы Эрик Сайнтрондпен кездесуі өтті.


02.04.2014 ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары басталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да І Халықаралық Фараби оқулары университеттің 80-жылдық мерейтойын тойлау аясында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл форумда екі апта бойы жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференциялар, сессиялар, дөңгелек үстелдер, авторлық семинарлар, байқаулар өтеді.


02.04.2014 Бірінші курс студенттері арасында дебат өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде 1 курс студенттері арасында дебат өткізілді. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Союз Ради Прогресса» студенттік клубының ұйымдастыруымен өтті. «Сецессия мемлекеттің өзін анықтау нысаны» тақырыбында өткен сөзжарысқа қатысушылар көрнекі дәрежеде шешендік қабілеттіктерін және әлем аренасындағы соңғы өзгерістерден хабардар кең ауқымды білімдерін көрсетті.