Жаңалықтар

Жаңалықтар


22.01.2014 ҚазҰУ профессоры Г.Н. Ким "Бірлік" медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық Корейтану орталығының директоры т.ғ.д., профессор Г.Н.Ким ұлтаралық бірлік пен өзара түсіністік ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.


20.01.2014 Конькимен сырғанаудың жанкүйерлері әлемдік рекорд орнатты

2014 жылдың 18 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанаудан жаңа рекорд орнатылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері аталған шарадан тыс қалған жоқ. Университеттің жүзге жуық белсенді студенттері мен қызметкерлері бұл шараға қатысып, тарихта қалатын рекордтың орнатылуына септігін тигізді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.


17.01.2014 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркіне Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарынан кәсіпкер-студенттер келді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде Бiрiккен ұйымдастыру комитетi «Қазақстанның 2-ші Ұлттық кәсіпкер-студенттер жарысы» және «1-ші Қазақстандық инженерлі STEM (STEAM)-технологиясы және кәсіпкерлік оқыту форумы» атты жобаларының жарыс шеңберiнде мәжiлiс өткізді.


17.01.2014 ҚазҰУ-да "Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі" 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы өз жұмысын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университі Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Білімді бағалаудың құзыретті-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдар мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының отырысы басталды.


16.01.2014 Куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті

2014 жылдың 15 қаңтарында биология және биотехнология факультетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің және Куратор-эдвайзерлер мектебінің ұйымдастыруымен куратор-эдвайзерлерге арналған семинар өтті.


15.01.2014 Жастар университеттің туған күнін атап өтті

Оқу семестрінің басталуына әлі уақыт болса да, университет алды студенттерге толы. Оның себебі, бүгін білім мен ғылымның қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ашылғанына 80 жыл толып отыр. Оқу орнының мерейтойлы күнін белсенді студенттер ұмыт қалдырған жоқ.


15.01.2014 Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 80 жыл толды.


14.01.2014 «Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді

2014 жыл 17-18 қаңтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 80 жылдығына арналған «Білімді бағалаудың құзыреттік-бағдарлы жүйесі» атты 44-ші Ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.


10.01.2014 ҚазҰУ-да «Түлектер сабақтастығы» дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі

2014 жылдың 18 қаңтарында ҚазҰУ спорткешенінің №1 спорт залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «Түлектер сабақтастығы» ұранымен дәстүрлі спорттық мерекесі өткізіледі.


09.01.2014 ҚазҰУ студенттері балаларға Жаңа жылдық мереке сыйлады

«Балаларға Жаңа жыл сыйлаймыз!» мерекелік акциясы жыл сайын жақсы дәстүрге айналып келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері «Альтернативті білім беру орталығы» қоғамдық қорының «Жастар жетістіктері» және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп ҚР ДМ қарасты балалар хирургиясы мен педиатрия Ғылыми орталығының онкологиялық бөлімдерінде емделіп жатқан балалар үшін Жаңа жылдық мерекелік шараларды ұйымдастырды.