Жаңалықтар

Жаңалықтар


21.06.2013 Әлемдік танымал «Коника Минолта» компаниясы ҚазҰУ-да озық технологиялар зертханасын ашады

Келісім «Коника Минолта» (Еуропа Бизнес Солюшенс Бөлімі) компаниясы делегаттарының университет басшылығымен кездесуі барысында жасалды.


21.06.2013 Алғашқы «қарлығаштар»

Бүгін Ғылым ордасында өткен салтанатты рәсімде алғашқы философия докторларына (PһD) және профессор, қауымдастырылған профессорларына дипломдар салтанатты түрде берілді. Бұл Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа үлгідегі алғашқы «қарлығаштары».


18.06.2013 Бүкіләлемдік туристік ұйымның In-situ аудиты

География және табиғатты пайдалану факультетінде рекреациялық география және турaизм кафедрасында жүзеге асырылатын «Туризм» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны халықаралық сертификациялау in-situ аудиты аяқталды. UNWTO.TedQual Бүкіләлемдік туристік ұйымында туристік білім сапасын бағалау жүйесі жұмыс беруші (жеке және мемлекеттік сектор); студенттер; оқу бағдарламасы және педагогикалық жүйе, факультет, менеджмент - бес негізгі үрдістері бойынша UNWTO Білім беру Кеңесі ұсынысы сәйкестігіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы кәсіби туристік мамандарды дайындаудың талдау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар, тұрақты дамуға мақсатталған білім беру бағдарламасы туризмнің Жаһандық этикалық кодексінің негізгі қағидасымен сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді.


14.06.2013 Ғылыми-зерттеу институты мен университет арасында байланыс артып келеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті мен Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты арасында тығыз шығармашылық қарым-қатынас орнады.


14.06.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Назарбаев университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жоғары білім беру саласы көшбасшыларының II Еуразиялық форумында Назарбаев университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум рәсімделді.


14.06.2013 Темпус бағдарламасы аясындағы әріптестік

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Темпус бағдарламасы аясында «Су айналымын басқаруды біріктіру: мүмкіндіктерді арттыру, біліктілік және білім беру мен кәсіпкерлікті арттыру» тақырыбы төңірегінде мамандар кездесуі өтті.


14.06.2013 Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинеті ашылды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті шетел филологиясы және жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Алтай Сәрсенұлы Аманжолов атындағы «Түркі әлемі» оқу кабинетінің ресми ашылу салтанаты өтті.


10.06.2013 ҚазҰУ-да Дублин университеті Тринити колледжінің өкілдері қонақта болды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Дублин университеті Тринити колледжінің өкілдерінің кездесуі өтті.


08.06.2013 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді

2013 жылы 19 маусым 2 шілде аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық Бюросының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің «Қазақ елі» студенттік ғылыми экспедициясы аймақтарда зерттеулер жүргізеді.


07.06.2013 ҚазҰУ-ға Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректорының ресми сапары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Валенсия политехникалық университетінің бірінші проректоры, Хуан Мигель Мартинес Рубио мырза ресми сапармен келді.