Жаңалықтар

Жаңалықтар


06.06.2013 Ағылшын тілінде дәріс беретін оқытушылар назарына!

27 маусым сағат 10:00-де Лингвистикалық сауат орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің методикалық бюросы «Ағылшын тілі – әлемдік білім тілі: жаңа белестер мен жаңа әдістер» атты ғылыми-әдістемелік конференцияны өткізеді.


05.06.2013 ҚазҰУ-да жаңа оқу жылында жаңа медика-биологиялық орталық ашылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Ёнсе (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы «Кангнам Северанс» клиникасы медика-диагностикалық орталығының ашылуы туралы келісім шартына қол қойды.


05.06.2013 Көпжасар Нәрібаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Өнегелі өмір» атты университеттік сериямен «Көпжасар Нәрібайұлы» атты кітап шықты. Кітапта К. Нәрібаевтың өмірбаяны, басылымдары, фотосуреттері және қызметтестерінің, достарының, шәкірттерінің пікірлері жазылған. Ол жалпы оқырмандарға, ғылым-білім саласындағы қызметкерлер мен студенттерге де арналған.


03.06.2013 Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары және ғылыми қызметкерлері!

Халықаралық ынтымақтастық департаменті ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 8 ақпандағы №35 Бұйрығымен бекітілген 2013 жылғы «Болашақ» стипендиясы аясында оқуға және ғылыми тағлымдамадан өтуге арналған басымды мамандықтар тізіміне сәйкес «Оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістері» мамандығы бойынша Брунель университетінде (Ұлыбритания) тағылымдамадан өтуге шақырады.


03.06.2013 ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай кітап жинағының тұсаукесері өтеді

5 маусым 2013 жылы сағат 11:00-де (ректорат, 15-қабат) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаевтің 75-жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты университеттік кітап жинағының тұсаукесері өтеді.


03.06.2013 ҚазҰУ магистранттары мектеп оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді

Оқушылардың жазғы демалыс қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің магистранттары Алматы қаласының №56 мектеп-гимназиясына барып қайтты.


03.06.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Балалар күні тойланды

«1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 30 мамырдан бастап тойланды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университет ұжымының балалары арасында Спорт кешеннің шахмат клубында шахматтан XIII дәстүрлі олимпиада жарысы өтті. Жарысқа 10, 12 және 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жалпы қатысушылардың саны – 18 баланы құрады.


01.06.2013 ҰБТ Онлайн-трансляциясы

Сіз әл-ФарабиҚазҰУ ақпараттық порталындаhttp://ent-zan.kaznu.kz/немесе http://www.ent-zan.kaznu.kz/сілтемелері арқылы ҰБТ күйін бақылай аласыз


31.05.2013 ҚазҰ-да АҚШ профессоры Ч.Зиглерр дәріс оқиды

27 мамыр мен 8 маусым аралығында (сағат 10:20-15:10) шығыстану факультетінде (503 ауд.) Лусвилл университетінің профессоры, фил.ғ.д. Ч.Зиглеррдің дәрістері мен кеңестері өтеді. Дәрістер тақырыбы: «АҚШ-тың қазіргі сыртқы саясаты».


31.05.2013 ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ жанында НАТО жөніндегі РАО және «Орталық Азия үшін Әл-Фараби-Карнеги» бағдарламасының қатысушылары Швед қорғаныс зерттеулер институтымен бірлесіп, «НАТО әскерлерін шығарудан кейінгі Ауғанстан - Орталық Азия елдері үшін қауіпсіздік мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.