Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.05.2013 ҚазҰУ-да профессор Г.Жамбатырованы еске алу салтанатты өтеді

28 мамырда сағат 10:00-де ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми мәжіліс залында халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырованың 70-жылдығына арналған еске алу салтанатты жиналысы және Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.


17.05.2013 «Серік Әбдірайымұлы оқуларының» жеңімпаздары анықталды

Журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасы және Әбдірайымовтар әулетінің ұйымдастыруымен С.Әбдірайымұлының 70 жыл толуына байланысты «Серік Әбдірайымұлы оқулары» атты студенттік ғылыми және журналистік – публицистік жұмыс байқауы өтті.


17.05.2013 Заң факультетінде әдістемелік семинар өтеді

20-22 мамыр аралығында «Қылмыстық-құқықтық пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар өтеді.


17.05.2013 Спорт ойындарының намыс додасы ұйымдастарылды

2013 жылдың 10 мамыр күні ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетел азаматтары арасында баскетбол ойынынан жарыс өткізілді. Ойын мамыр айындағы мерекелер құрметіне ұйымдастырылды. Ерекше ептілік пен жылдамдықты қажет ететін ойынға шетелдік студенттердің қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.


16.05.2013 ҚазҰУ-да «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» атты халықаралық конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Қазақстанда қызмет етуіне 20 жыл толуына орай және БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасының аясында «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» («The United Nations and the Republic of Kazakhstan Cooperation Experience») атты халықаралық конференция өткізілді.


16.05.2013 ҚазҰУ-да «Сәтті мансапқа бастама» атты бос орын жәрмеңкесі өтті

16 мамыр күні әл-Фараби ғылыми кітапханасында Мансап және бизнес орталығының ұйымдастыруымен «Сәтті мансапқа бастама» атты ҚазҰУ-2013 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос жұмыс орындары мен стендтік сессиялары жұмыс жасады.


15.05.2013 Балалар үйіндегі бір күн

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының 3 курс дінтану және мәдениеттану мамандығының студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында факультеттер арасында «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді.


15.05.2013 16 мамыр күні ҚазҰУ-да «One Asia Foundation» халықаралық қор президенті Йоджи Сато дәріс оқиды

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер! Философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «One Asia Foundation» халықаралық қор президенті Йоджи Сато «Біртұтас әлем» тақырыбында дәрісін тыңдауға шақырады.


14.05.2013 Тарихқа тереңірек үңілсек

14 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде «Қазақстандағы поляктар тарихы» атты дөңгелек үстел өтті.


13.05.2013 ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановқа француздық кавалер ордені атағы берілді

Білім саласындағы еңбегі, Қазастан-Француз университетік және ғылыми әріптестіктің дамуына қосқан үлесі үшін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановқа Пальма бұтағы академиялық орденінің кавалері наградасы берілді. Франция Республикасы премьер-министрі атынан Алматы қаласындағы Франция Елшілігінің Бас консулы Гийом Наржоле табыс етті.