Жаңалықтар

Жаңалықтар


22.04.2013 Студенттердің ғылымға деген ынтасы зор

17-19 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Шараға Қазақстан, АҚШ, Германия, Түркия, Үндістан, Жапония және ТМД мемлекеттерінің студенттері мен магистранттары, жас ғалымдары қатысты.


22.04.2013 ҚазҰУ-да V Бағызбаев оқулары өтеді

25 сәуірде 2013 жылы 10:00-да (312 ауд.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасы «Қазақстанның полимәдени кеңістігіндегі тіл мен әдебиет» тақырыбында Халықаралық ғылыми конференция өткізеді (V Бағызбаева оқулары).


20.04.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ІІІ Халықаралық студенттік «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты форум өтті

Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясында» альтернативті және «жасыл» технологияларға көшуді қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Бұл міндетті шешудегі маңызды рөл ғылым мен білім орталықтары - университеттерге жүктеліп отыр. Кең көлемді энергоэкологиялық жобаларды жүзеге асыруға студенттер белсенді қатысуы тиіс. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ел Президентінің энергоэкологиялық бастамаларын қолдау мақсатында «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» атты III халықаралық студенттік форум өтті. Іс шараның ұйымдастырушылары университеттің Жастар ұйымдары комитеті мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты болып табылады.


19.04.2013 Хабарландыру

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2013 жылдың 20 сәуір сағат 11:00-де (19 ауд.) «Ел ертеңі – келісім мен тұрақтылық» атты тақырыпта мерекелік кездесу өтеді.


18.04.2013 Екіжақты кездесуде қос диплом бағдарламасы қаралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Қытай Халық Республикасындағы Халықаралық бизнес және экономика университетінің президенті Ши Цзянь Цзюнмен кездесті.


17.04.2013 ҚазҰУ-да НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінде НР компаниясының «НР Технология Институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылды.


17.04.2013 Университет газеті – болашақ маман бейнесі

Университеттік газеттер арқылы студенттерді ұлттық-патриоттық сезімге, мемлекеттік принципшілдікке булимыз. Университет газеті қалай сөйлесе, білім ордасында даярланған болашақ мамандар солай сөйлейтін болады. Осы ретте университеттік газеттер өте қажет. Публицист-журналист, профессор Кәкен Хамзин 17 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университетінің төл басылымы «Қазақ университеті» газетінің 65 жылдық мерейтойына орай, «Қазырғы кездегі ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуы» атты өткен дөңгелек үстелде осындай ойымен бөлісті. Сондай-ақ, профессор 65 жылға толып отырған «Қазақ университеті» газетінің кешегісі мен бүгініне тоқталып өтті.


16.04.2013 Қазақстандағы корейлер қауымдастығы ҚазҰУ студенттеріне шәкіртақы табыс етті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы корейлер қауымдастығының төрағасы Роман Ким ҚазҰУ ұжымымен кездесті, деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.


16.04.2013 ҚазҰУ-да шетелдік ғалымдар дәріс оқиды

6-23 мамыр аралығында тарих, археология және этнология факультетінің, археология, этнология және музеология кафедрасында (этнология мұражайында) Колорадо университетінің (АҚШ) профессоры, адамның шығу тегі лабораториясының директоры Мишель Глянц, сонымен қатар Колорадо университетінің профессоры, археология орталығының директоры Джейсон Лабелдің адам эволюциясына қатысты мәселелер, Орталық Азияның ежелгі тарихы, неандертальдықтардың морфологиясы және антропология мен эволюция тарихы аясында дәрістері өтеді.


16.04.2013 «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ Студенттік Халықаралық форумы өтеді

2013 жылдың 19-20 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» жобасын талқылауға арналған «Жасыл көпір – ұрпақтан-ұрпаққа» атты ІІІ Халықаралық студенттік форумы өтеді. Форумның пленарлық мәжілісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультетінің Рубин залында сағат 11.00-де басталады.