Жаңалықтар

Жаңалықтар


16.04.2013 Құрметті оқытушылар, PhD докторанттар, магистранттар, студенттер!

2013 жылғы 22 сәуір - 4 мамыр аралығында журналистика факультетінде (230 аудитория) Огайо университетінің (АҚШ) профессоры Юсуф Калианго сағат 12.30-дан-13.30-ға дейін студенттерге «Role of Televised (Visual) Media and Democratization (TV News)”, 14.30-16.00-ге дейін магистранттар, докторанттар мен оқытушыларға «Higher Education, Professional Dev. & Research opportunities in the USA» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.


16.04.2013 Шығыстану факультеті «Тазалық апталығында» үздік атанды

Сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткізілген «Тазалық апталығы» шарасы аясында Шығыстану факультеті «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауында бірінші орынды иеленді.


16.04.2013 ҚазҰУ-да НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылады

17 сәуірде сағат 10:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінде (230 ауд.) НР компаниясы «НР Технология Институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылады.


15.04.2013 Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік кампусы бойынша ұйымдастырылатын экскурсияға шақырамыз. Экскурсия әр сенбі күні сағат 10:00-де жүргізіледі. Өткізілетін орын ГУК- 6 –басты кіру есігі. Біз сіздерді күтеміз!


13.04.2013 Ұлттық университетте - ұлттық мейрам ұлықталды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақ халқының барлық салт-дәстүрін сақтай отырып, үлкен деңгейде «Наурыз-жыл басы» атты мейрам өтті.


13.04.2013 «Әлем бақшасы» ҚазҰУ қалашығынан орын алды

13 сәуір күні ҚазҰУ қалашығында Алматы қаласы әкімдігі, ҚазҰУ басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері қолдарына күрек алып, ағаш отырғызу рәсіміне жұмыла қатысты. Бұл күні ҚазҰУ ұжымы «Наурыз – жыл басы» мейрамын ұйымдастырған болатын. Жыл басында тал егу ырымы бұл мерекеде де тыс қалмады.


13.04.2013 Орта Азия ЖОО-ларының ішіндегі ең ірі кітапхананың тұсауы кесілді

13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сонымен бірге, шетел дипломатиялық корпус өкілдері, Алматыда тіркелген халықаралық ұйым дипломатиялық миссия басшылары, шетелдік қонақтар бас қосты. «Наурыз – жыл басы» мерекесін тойлай келген қонақтар салтанатты шараның алғашқы ресми бөлімінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының тұсаукесер рәсіміне куә болды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов сөз алып келген меймандарды ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасымен таныстырып өтті.


12.04.2013 «Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты байқауы өтті

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Халықаралық білім беру департаментінде ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас талап» үйірмесінің жетекшілері Р.Т.Наралиева мен Г.А.Тастемированың ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақстан шетелдік-студенттердің көзімен» атты шығармашылық байқауы өтті.


12.04.2013 «Ғылыми мақала жазудан» шеберлік сағатына қатысыңыз

18 сәуірде география және табиғатты пайдалану факультетінде "Ғылыми мақала жазу" тақырыбында шеберлік сағаты өтеді.


12.04.2013 Жастар тәртібі басты назарда

11 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стретегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына жолдауы шеңберінде Заң факультетінде гуманитарлық факультеттердің 1 курс студенттері мен ішкі істер органдарының өкілдерімен кездесуі өтті.