Жаңалықтар

Жаңалықтар


12.04.2013 ҚазҰУ ХIV Халықаралық қазақстандық «Білім және Мансап -2013» атты көрмеге қатысты

Кеше Алматыда «Атакент» көрме орталығында ХIV Халықаралық қазақстандық «Білім және Мансап -2013» атты көрмеге ҚазҰУ-да қатысты. Көрме Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігінің, Алматы қаласы әкімшілігінің, ҚР ЖОО Ассоциасының, жастар саясатының Мемлекеттік қорының қолдауымен ашылды.


11.04.2013 С.Ә. Айғалиев ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісі тапсырылды

Механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Әбдіғалиұлы Айсағалиевқа ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаты мен төсбелгісі тапсырылды.


11.04.2013 «Жаппай қырып-жою қаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Дж. Мартин атындағы таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (АҚШ) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығы төрт апталық «Жаппай қырып-жоюқаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау жариялайды. Курс «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Саясаттану» және «Ядролық физика» мамандықтарының магистранттарына, докторанттарына және жас ғалымдарына арналған. Тренингке қызығушылық танытқан басқа мамандықтардың магистранттары, докторанттары және жас зерттеушілері де қатыса алады.


11.04.2013 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов халықаралық университеттер ректорлары қауымдастығына қабылданды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы жоғары оқу орындары ішінде бірінші болып арнайы шақырумен халықаралық университеттер ректорлары қауымдастығына - International Association of University Presidents (IAUP) қабылданды.


11.04.2013 ҚазҰУ-де Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» ДП төрағасы Азат Перуашев «Көшбасшылық дәрісін» өткізеді

2013 жылдың 12 сәуір күні сағ. 15:00 заң факультетінде (ГУК 3, №4 дәрісхана залы) ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының атсалысуымен «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің «Көшбасшылық дәрісі» өтеді.


10.04.2013 ҚазҰУ-да Николай Косов атындағы аудитория ашылды

10 сәуір күні физика-техникалық факультетінде С.М.Киров атындағы ҚазМУ физика факультетінің бірінші деканы, профессор Н.Д.Косовтың құрметінде арналған аудиторияның және стендтің ашылу салтанатты рәсімі өтті.


10.04.2013 ҚазҰУ-да дәстүрлі діннің орны туралы конференция өтеді

19 сәуір, сағат 10:00-де ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты өткізілетін «Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтудағы дәстүрлі діндердің орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.


10.04.2013 Құрметті студенттер «Сырлы жәшік» атты ойынға қатысыңыздар

10-15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 курстар арасында Қозы көрпеш-Баян сұлу күніне арналған «Сырлы жәшік» атты факультеттік деңгейде ойын өтеді.


09.04.2013 Тайдзичуаннан шеберлік сағаты өтті

Жақында Конфуций институты мен шығыстану факультетінің ұйымдастырумен қытай тілі апталығы болып өтті. Оған Конфуций институтының директоры Р. Асылбеков және институттың мұғалімдері, шығыстану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Б.Н. Жұбатова, қытайтану кафедрасының меңгерушісі З. Батпенова ханым және кафедра ұстаздары, студенттері, магистранттары қатысты.


09.04.2013 ҚазҰУ-да "Ғашықтар күні" мерекесі өтеді

2013 жылдың 15 сәуір күні сағат 15:00-де өтетін Халықаралық қатынастар факультеті сіздерді «Ғашықтар күні» атты ұлттық мерекелік іс-шараға шақырады.