Жаңалықтар

Жаңалықтар


24.04.2013 Оқушылар арасындағы «Әл-Фараби» пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы өтеді

26-сәуір сағат 11:00 де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15-қабатындағы мәжіліс залында оқушылар арасындағы «Әл-Фараби» пәндік олимпиадасының салтанатты жабылуы болады.


23.04.2013 Журналистика факультетінде РR рөліне арналған конференция өтеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде 2013 жылғы 25 сәуірде «Қазақстанның ғылымы мен білімін дамытудағы PR-дың рөлі» тақырыбымен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.


23.04.2013 ҚазҰУ-да жазушы Б. Нұржекеевпен кездесу өтеді

2013 жылдың 24 сәуірінде сағат 11:00-де география және табиғатты пайдалану факультетінде (231 ауд.) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» бағдарламасы аясында жазушы Б.Нұржекеевпен кездесу өтеді.


23.04.2013 Онлайн режимдегі видеоконференцияға келіңіз

24 сәуір 2013 жылы мәскеулік уақыт бойынша 13.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының 306 аудиториясында Ресей Федерациясының мемлекеттік билік өкілдерінің қатысуымен «Управление территориальным развитием в условиях социального государства» тақырыбында ресейлік және шет елдік университеттердің халықаралық интерактивті он-лайн видеоконференциясы өткізіледі.


23.04.2013 Үстел теннисінен ҚР VII-Жазғы Универсиадасы өтті

Павлодар қаласында ең күшті студенттік ұжымдар, спорт клубтерді анықтау мақсатында 15 ер адам, 13 әйел командалары қатысты.


22.04.2013 Экотуризмді дамытуға арналған семинар өтеді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғат пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы 26-27 сәуірде (229 ауд.) «ТМД және Балтия елдеріндегі экотуризмді дамыту» атты халықаралық ғылыми семинар өткізеді.


22.04.2013 Аудармашы студенттер тәжірибелерін шыңдай түсті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасындағы «Tarzhiman» клубының ұйымдастыруымен шығыстану және филология факультетінің аудармашы студенттерінің шығырмашылық кездесу кеші өтті.


22.04.2013 ҚазҰУ ғалымдары халықаралық конференцияда өз ойларын ортаға салды

2013 жылдың 18 сәуірінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнолоия институтында өткізілген «Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дәуірлеу ғылыми танымның басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалым профессорлары қатысты.


22.04.2013 ҚазҰУ командасы - Туризм бойынша өткен Аймақтық Олимпиада үздігі

ҚазҰУ-да Алматы қаласы мен Алматы облысының ЖОО-ның "Туризм" мамандығы студенттері арасында өтетін аймақтық Олимпиада аяқталды. Конкурстық бағдарлама және спорттық дестинациялардағы туризм техникасы бойынша өткен екі күндік жарыс нәтижесінде "Болашақ" командасы ( әл -Фараби атын. ҚазҰУ) жеңімпаз атанса, 2-орын "Жиһанкез" командасына (Абай атын. ҚазҰПУ) бұйырды. Ал 3- орынды "55-я параллель" командасы ( Абылай хан атын. ҚазХҚ және ХТУ) иеленді. Жекелеген бағдарлама түрлері бойынша ҚазСТА командасы, "Тұран" университеті командасы, Т.Рысқұлов атын. ҚазЭУ командалары марапатталды.


22.04.2013 Хабарландыру

27 сәуірде Жеңіс күніне арналған «Президенттік миля» жеңілатлетикалық кросы өтеді. Жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлық факультеттерінің студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы, докторанттар және қызметкерлер қатыса алады.