Оқиғалар күнтізбесі
- Негізгі бет
- Білім алушыларға
- Білім
- Әскери кафедра
- Оқиғалар күнтізбесі
Оқиғалар күнтізбесі

2018 жылдың 23 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында профессорлық-оқытушы құраммен және оқу-көмекші қызметкерлермен Ел басының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 – жыл мерей тойының қарсаңында және әскери кафедраның 85-жылдығына орай іс шаралар жиынтығы жоспарланған. Еліміздің алдынғы қатардағы Жоғарғы оқу орны, халқымыздың еңбек және жауынгерлік ерліктері, тарихи батырлықтары бойынша насихатау. Осы жоспардың шегінде 2018 жылдың 20 және 21 қараша аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында ҰО "Бөбек" гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына Ашық есік күні өткізілді.
2018 жылдың 20 қазанында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының базасында Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік фондының қамқорлығымен студенттер жастарының арасында Әскери-патриоттық "Сарбаз рейс - 2018" ойыны өткізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа жолдауының негізгі ережелерін ұжыммен талқылау жиналысы өткізілді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы студенттерімен 2018 жылдың 23 шілдесі мен 25 тамыз аралығында өткізілген оқу жиыны жоспарланған далалық сабақтармен ғана емес, сонымен қатар болашақ Отан Қорғаушылардың оқу бағдарламасын терең меңгеруіне және тәрбиесіне ықпал ететін бір қатар іс-шаралармен молықтырды.
2018 жылдың 13 шілдесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында "Нұр Отан" партиясының мүшесі Парламент Мәжілісінің депутаты отставкадағы генерал-лейтенант А.Б. Тасбулатов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласындағы филиалының саясаттану бөлімінің меңгерушісі К.Т.Табеев, Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімінің орынбасары М.Е. Балбаева әскери кафедраның қызметкерлерімен кездесу өткізді.
1 - маусым Балаларды қорғау күні әлемдік деңгейде 1989 жылдан бері халықаралық мереке болып тойланып келе жатқаны баршамызға белгілі. Балалар – ұрпақ жалғастығы, болашағымыздың жарқын кепілі. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының студент жастары мен оқушыларын әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Аталмыш іс-шаралар тек қана тәрбиелік бағытты ғана емес, жоғары сынып оқушыларының болашақ өмір жолы мен мамандығын таңдауға қажетті кәсіби бағыттағы жұмысты да қамтиды.
Бүгін алда келе жатқан айтулы мерекелеріміз – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында профессорлық-оқытушылар құрамымен салтанатты жиын болып өтті.