Білім
Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі


25.04.2018 «Мен Қазақстанның патриотымын!»

Еліміздің ең бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның авторлығымен құрылған «Өзін-өзі тану» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, алда келе жатқан Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай және оқушы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 2018 жылғы 24 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Бөбек» Ұлттық орталығының гимназиясында білім алып жатқан оқушылар үшін «Мен Қазақстанның патриотымын!» тақырыбында лектория өткізді.

 


13.04.2018 Алматы қаласының үздік мектептері үшін «Сарбаз» әскери-патриоттық ойынына іріктеу басталып кетті.

2018 жылғы 2 сәуірден бастап Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында аталмыш жоғары оқу орны ректорының кубогына «Сарбаз» II патриоттық ойыны басталып кетті.


10.04.2018 Оқыту мен тәрбиелеу – өзара тығыз байланысты іс!

Оқу үдерісінің сапасын арттыру және студент жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында тренингті демалыс залы құрылды.


09.04.2018 Әл-фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасына Ресей Федерациясының жоғары шендегі әскери делегациясы келді

2018 жылғы 6 сәуірде халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары шендегі әскери делегациясы келді.


30.03.2018 Полевые занятия студентов военной кафедры КазНУ имени аль-Фараби
06.03.2018 «Теория – сыныпта, тәжірибе – далада!»

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Ә. Жасұзақовтың азаматтық жоо-ы әскери кафедраларында оқитын студенттермен өткізілетін сабақтың тәжірибелік бағыты, сондай-ақ әскери жоо-ы мен әскери кафедралар арасында тығыз байланыс орнату туралы нұсқауларына сәйкес 2018 жылғы 1-2 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының «Барлау десантты-штурмалық (парашютты-десанттық) бөлімшелері мен әскери барлау бөлімдерін жауынгерлік пайдалану» және «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрылымдарды жауынгерлік пайдалану» әскери-есептік мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттері үшін Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында атыс дайындығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу және парк қызметін ұйымдастыру бойынша көрнекі және әдістемелік сабақтар жүргізілді.


11.02.2018 Болашақ әскери заңгерлерге арналған саяхат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті мемлекетіміздің заңгерлер корпусын дайындауда және тәрбиелеуде негізгі күретамыр болып табылады. ҚазҰУ заңгер түлектерінің басым көпшілігі университетіміздің әскери кафедрасында білім алған.


08.02.2018 «Әскери дискурс»

ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы базасында экстермалды журналистика бойынша «Әскери дискурс» семинарыөтті.


07.02.2018 2018 оқу жылында әскери кафедраға оқуға түсудің тәртібі

2018 оқу жылында әскери кафедраға оқуға түсудің тәртібі


15.12.2017 «Мен өз елімнің патриотымын»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен құрылған «Бөбек» Ұлттық орталығының «Өзін-өзі тану» атты гимназиясына барып қайтты.