- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Журналистика факультеті
- Архив
- Факультет өмірі
- Жаңалықтар мұрағаты
Жаңалықтар мұрағаты
Мектеп оқушыларына арналған «Өзіне өзің режиссерсің» конкурсы
2013 жылғы 25 қазан – 2013 жылғы 25 желтоқсан
Қымбатты оқушылар!
Сіздерге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы базарлыққа супергаджет – электронды кітап алатын бірегей мүмкіндік беріп отыр. Бұл үшін сіздер конкурсқа қатысып, жеңіп шығуларыңыз керек.
Конкурс шарттары:
1. Сіздер ән айтып, би билеген, флешмоб жасаған құрбыларыңызды, немесе қиялыңыз жеткен өзге де тақырыптарды бейнелейтін әуесқой бейнеролик түсіруіңіз керек. Роликке кісілерді, тіпті жан-жануарларды да түсіруге болады;
2. Роликте «ҚазҰУ», «Журналистика факультеті» және «PR» сөздері міндетті түрде болуы тиіс (қандай формада екендігі маңызды емес) 3. Роликті мына қауымдастыққа енгізіңіз - http://vk.com/public38537790;
4. Тапсырысты interpresskaznu@mail.ru э-мейл адресіне жолдаңыз, мұнда сіздің атыңыз,мектебіңіз, сыныбыңыз және сіздің видеоңызға сілтеме болуы тиіс;
5. Жеңімпаз былайша айқындалады: лайктер саны + репостерлер саны + конкурс қазыларының бағасы;
6. Конкурс 2013 жылғы 25 қазаннан 2013 жылғы 25 желтоқсан дейін өткізіледі;
7. Қорытынды 2013 жылғы 27 желтоқсанда шығарылады;
8. Конкурсқа қатысушылар санына шек қойылмайды;
9. Бес жүлделі орын бар: 1 орын иегеріне электрондық кітап сыйға тартылады.
.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
![]() |
![]() |
Б. Салиховтың шеберлік сыныбы
![]() |
|
БАЙҚАУ!!!
1941-1945 жылдар Қазақстан мемлекеті тарихында аса зор маңызы бар кезең болды. Майданға бір миллион екі жүз мың қазақстандық шақырылды. Әрбір екінші жауынгер, яғни 600 мыңға жуық адам Ұлы Отан соғысынан оралмады. Қазақстан өзінің әрбір оныншы азаматын жоғалтты (ол кездегі халық саны 6 млн. 200 мың адам болатын). Сол зұлмат күндерді көзімен көргендер саны күн санап азайыпбарады. Олардың ерліктерін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы тиіс.
Осы мақсатта әл-Фараби атындағы университет журналистика факультеті жастар бойындағы отаншылдық қасиетті жаңғырта түсу бағытында студенттер арасында «Отаншылдық бабалардан басталған» деп аталатын байқау ұйымдастырып отыр. Байқауға барлық факультеттің студенттері өз шығармаларын (поэзия, проза, драматургия, сатиралық т.б.) ұсына алады. Шара ақпанның 15-нен мамыр айының 5-не дейін жалғасады. Үздік деп танылған шығармалар БАҚ беттерінде жарияланады және дипломдар және алғыс хаттармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар журналистика факультетінің доценттері:
К. Кабылғазина, А. Құрманбаева.
Байланыс телефондары: 3-77-33-38. 13-41. 8-7072669254
Журналистік білім берудің мәселелері
Алматыда 1-3 қараша күндері «Мінбер» қоғамдық қорының жетекшісі ф.ғ.к. Есенгүл Кәпқызымен Алматы қаласындағы ЮНЕСКО бюросының ақпарат және коммуникация бойынша маманы Сергей Карповтың басқаруымен Қазақстандағы журналистика факультеттерінің оқытушыларына арнап дөңгелек үстел және семинар-тренинг өз жұмысын бастады. Дөңгелек үстелдің ашылуы салтанатында журналистика факультетінің деканы ф.ғ.д. профессор Өмірхан Әбдиманұлы құттықтау сөз сөйледі. Оған ОБСЕ –нің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эндрю Оффенбахер, ҚР журналистика Академиясының президенті профессор С.Қозыбаев, ЖШС «Қазақ газеттері» президенті Жұмабек Кенжалин т.б. қатысты. Семинар –тренингтің алғашұы күні профессор Ғ.Ибраева, КИМЭП профессоры Джон Купер, «Әділ сөз» ссөз бостандығын қорғау халықаралық қорынан Ғ.Әженова, журналистика факультетінің ғылыми-иновациялықістер және халықаралық байланыс жөнінддегі деканның орынбасары Қ.Мысаева, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі А.Ниязғұловалар бүгінгі журналистік білім берудің жаңа үрдістері туралы баяндамалар жасады. Негізінен осы семинар-тренингтің мақсаты қазіргі заманғы журналистік білім берудің өзекті проблемалары мен мәселелерін талқылау және оның сапасын арттырудың жолдарын іздестіру, өңірлерден шақырылған журналистика факультетінің қазақ бөлімдерінің оқытушыларына жаңа заманғы технологиялар мен инновацияларды білім беру үрдісіне пайдалану жөнінде семинар-тренинг ұйымдастыру, сөйтіп журналистік білім беру үдерісіне аз да болса үлес қосу екендігі туралы мәселер талқыланды
Жетім көрсең жебей жүр
![]() |
![]() |
|
![]() |
Қазақ халқымыз қандай қиын күнде де жетімін жылатпаған халық.
Әке мен ана қамқорлығын көрмеген жетім бүлдіршін,жас жетімектердің жанарын мөлдіретпей, әке орнына әке, ана орнына ана болып жүрген, көкірегі ояу, көзі ашық жандар да бүгінгі таңда аз емес.
Жалпы адам баласына қамқорлық көрсету әрбір адамның ар алдындағы абыройлы міндеті десек, оны одан әрі жандандыру мен жалғастыру келешектің алға қойған мақсаты.
Осы орайда,күздің шырайлы да шуақты уақыты, қасиетті «Құрбан айт» күні, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде, журналистика факультетінің №5 жатақханасы «Студент кеңес және PR мектебі» ғылыми үйірменің ұйымдастырумен, «Жетім көрсең жебей жүр»-атты,қайырымдылық шара өтті.
Шара барысында, Алматы қаласы, №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері Шимаев Сергей және Галкин Дениске жастар тарпынан сауабы мол, көмек жасалып,игілікті іс өткізілді.
Шараның басты мақсаты ,жастарды мейірімділікке тәрбиелеу мен адам бойындағы асыл қасиеттерді одан әрі жандандыру. Жас жетімектердің өмірге деген құштарлығын оятып, олардың да адамдар арасындағы лайықты орнының бар екенін дәлелдеу.
Бір қызығы, жастар осынау шараға шың көңілімен атсалыса отырып,жүректеріндегі иманының жоғары екендігін тағы да бір мойындатты. Алдағы уақытта да ұдайым осындай рухани азығы мол шаралар орын алып жатса,нұр үстіне,нұр болар еді.
Мұхтар Аманжол
Журналистика факультетінінің
1-курс студенті.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті 23 қараша 2012 жылы көрнекті ғалым, көсемсөзші, түркітанушы Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 75-жылдық мерейтойына арналған
М. Барманқұлов оқулары аясында «М. Барманқұлов – бұқаралық коммуникация ғылымының негізін қалаушы» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті 23 қараша 2012 жылы көрнекті ғалым, көсемсөзші, түркітанушы Марат Кәрібайұлы Барманқұловтың 75-жылдық мерейтойына арналған М. Барманқұлов оқулары аясында «М. Барманқұлов – бұқаралық коммуникация ғылымының негізін қалаушы» атты тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Барманқұлов оқулары аясында М.Барманқұлов атындағы ҚазҰУ телерадиокешені ұйымдастыруымен өткен ІІ республикалық жас телерадиожурналистердің байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Биыл отандық телерадиожурналистиканың негізін қалаған, көсемсөзші, түркітанушы ғалым Марат Кәрібайұлы Барманқұлов 75 жасқа толып отыр. Көрнекті ғалым бүгінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген журналистердің бірнеше буын өкілдерін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз. Профессор-ғалым алғаш рет Қазақстанда Ғаламтор әлеміне есік ашты, бұқаралық медианың болашағы ғаламдық кеңістікте екенін атап кетті. Марат Барманқұлов – қазақ журналистикасы мен филологиясы, түркітану ғылымының өзекті мәселелеріне арналған еңбектердің авторы.
Ғылыми жиында Қазақстанда ақпараттық қоғам негіздерін қалыптастыру, жаңа медианың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістіктегі орнын айқындау, сандық хабар тарату мәселелерін, ақпараттық технологиялардың дамуын бағалау, осы үдерістердің қоғамның өркениетті дамуына ықпал етуі талқыланады.
Конференция секция тақырыптары:
- Профессор М.К. Барманқұловтың ғылыми еңбектерінің өзектілігі және дәстүр жалғастығы;
- Ақпараттық қоғам жағдайында жаңа медианың дамуы: ұлттық және жаһандық үрдістер;
- Қазақстандағы телекоммуникация индустриясының дамуы: мобильдік телефония, Интернет-пайдалану, коммуникациялық желілер және қызметтер;
- Қазақстандағы Интернет-медианың дамуы, өзекті проблемалары;
- Сандық хабар тарату кезеңінде электрондық журналист мамандарын даярлаудағы жаңа талаптар мен міндеттер;
- Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өркениет пен мәдениет дамуындағы қызметі;
- Мультимедиа – азаматтық журналистиканың негізі.
Республикалық конференция жұмысына бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық БАҚ өкілдері қатысады.
Ғылыми жиында баяндалған материалдар жарық көреді.
Жұмыс тілдері: казақ, орыс, ағылшын.
Өтініш пен ғылыми мақаланы 2012 жылдың 1 қарашасына дейін электронды және қағазға түсірілген нұсқаларымен мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, БОК-3Б, журналистика факультеті, 213 кабинет
Конференция үйлестірушісі – Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
тел.: комм. 377 33 38 ішкі 13-46; моб: +77011527488
эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru
Баяндама мәтінін безендіруге қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың көлемі А 4 форматындағы парақпен 7 бетке дейін;
2. Шрифт Times New Roman (Kz), кегль 14;
3. Жолдар арасындағы қашықтық – біреу;
4. Жиегі – 2 см.
Мақаланың аты үлкен әріптермен, қарамен бөліне отырып, жолдың ортасына нүктесіз жазылады. Одан төмен, бір интервал арқылы автордың (авторлардың) аты-жөні қара курсивпен жолдың ортасына, одан ары бір интервалмен қала мен жоғары оқу орнының аты жазылады.
Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында жұмыстың аталу тәртібімен көрсетіледі. Әдебиеттерге сілтеме «тік» жақшалар арқылы беріледі, қайталанған жағдайда реттік нөмірі мен беттің нөмірі көрсетіледі.
Мақаланың мәтіні мұқият тексерілген, қатесіз болуы тиіс. Талапқа сай келмейтін мақалалар жіберілмейді.
Мақалаға конференцияға қатысу жөніндегі өтініш қосымша тіркелуі қажет. Іссапар шығындарын бағыттаушы жақ төлейді.
Конференция бағдарламасында пленарлық және секциялық мәжілістер қарастырылады.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
журналистикаФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған
«Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі»
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, 9 қараша 2012 ж.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті және философия және саясаттану факультеті 9 қараша 2012 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған«Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі»атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру - мемлекеттік саясаттың басты векторы
Қазақстандық БАҚ интеллектуалды қоғам қалыптастырудың ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде
Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі
Қазақ әдебиеті мен өнерінің интеллектуалды құндылықтарды қалыптастырудағы орны
Білім мен ғылым - өркениетті қоғам қалыптастырудың интеллектуалды қоры ретінде
Интеллектуалды әлеуетті арттырудағы гуманитарлық технологиялардың маңызы
ЖАРИЯЛАНЫМ:
Жарияланымның негізгі шарты – конференциядабаяндама жасау.Конференция жұмысының басталуына орай, ұйымдастыру комитеті бағдарлама жәнеконференцияда жасалынған баяндамаларжинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұныконференция тақырыбына сайболуы шарт. Баяндамалар электронды түрде және бір данасы талапқа сай қағазды нұсқада толтырылып ұсынылуы тиіс. Баяндама (мақала) 5 бет көлемінде А 4 форматында және электронды нұсқада e-mail:sultanbaeva_g@mail.ru,dana_baigozhina@mail.ru2012 жыл 20 қазанға дейін жіберіледі.
Мақала баспадан шығу үшін төмендегідейталаптарғасай болуы тиіс:
1.Баяндама (мақала) мәтіні 5 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.
2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-2см, оң жағы 2 см.
3.Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.
5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары беріледі.
6. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес нөмір қойылады. Сілтемені қолданғанда дереккөздің бетін көрсету керек. Мысалы: [ 1, 12 б].
Материалдар жинағының редакциялық алқасы мақала мәтінінің редакциясы үшін жауап бермейді және баяндамаларды таңдап алу құқығын өзіне қалдырады.
Автор және тақырып жайындағы мәліметтерді келесі нұсқа бойынша жасуыңызды өтінеміз
Фамилия А.Ә.
ЖОО (қысқартылған атауы),
ғылыми дәрежесі, қызметі
қала, ел
Мақаланың тақырыбы
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштерді қабылдау2012 жылдың 20 қазанға дейін.
Өтініштер талаптарға сай тіркеу формасында және баяндамалар түрінде беріледі.
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
1.Тегі, аты-жөні (толығымен)____________________________________
2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________
3.Мекемесі, лауазымы__________________________________________
4.Мекен-жайы_______________________________
5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)_________
6.E-mail______________________________________________________
7. Мақала тақырыбы____________________________________________
Менің мақсатым:
Пленарлық баяндама жасау
Секциялар мәжілісінде баяндама жасау
Конференция жұмысында тыңдарман ретінде қатынасу
ТІРКЕУ ЖАРНАСЫ
конференция жұмысына қатысу, конференция жинағында жариялану - тегін
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы,
050040, Алматы қ, әл-Фараби даңғылы, 71
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Телефон:(8-7273) 77-33-33, 77-33-38 қосымша 1346
Ұстаздық еткен жалықпас...
Ұстаздар күні тек мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндер үшін ғана емес, кәсіби білім ордасының студенттері үшін де ыстық мереке. Заман өзгеріп, уақыт өтер, ұстаз жүректі тербетіп, әр адам өміріндегі алатын орны ешуақытта өзгермес. Ол қай-қайсымыз үшін мәңгілік ерекше бола бермек. Осыған орай, факультеттегі бас ұстаз – филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдиманұлы Өмірханның қатысуымен журналистика факультетінің 205-топ студенттері «Ұстаздық еткен жалықпас» атты эдвайзерлік сағат өткізді. Сабақта студенттердің шығарған өлеңдері, жүрекке жылы ұстаз жайлы әндер шырқалды. Факультет деканы ҚазҰУ-дың шамшырақтарына айналған ұстаздардың естеліктерінен сыр шертіп, Шарипа Сыздыққызының жетекшілігіндегі 2-курс студенттерімен біраз пікір бөлісті.
![]() |
![]() |
![]() |
Сенбілік
![]() |
![]() |
ҚазҰУ қалашығы – жасыл желекке бөленген, гүлді-нұрлы студенттер мекені. Мемлекетіміздің әр шетінен ҚазҰУ-ға шоғырланған студенттер үшін қалашық ерекше ыстық, сол себепті, ортақ үйіміздің тазалығын сақтау – міндет. Журналистика факультеті Қоғаммен байланыс мамандығында оқып жүрген 205-топ студенттері үшін де, дәстүрге айналған сенбіліктер көңілді көңіл күй сыйлап, бас қосудың тиімді себебіне айналған. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- демекші, денсаулығы зор ұрпақ тәрбиелеп шығанатын ҚазҰУ – Алматы қаласының көркі екендігіне күмән жоқ.
Тусупова Камила
Журналистика факультеті
2-курс студенті
BlogCamp немесе Блог құрылтай — дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны
2011 жылы Алматыда өткен алғашқы құрылтайдың негізгі қатысушылары блогшылар болғандықтан, шара BlogCamp (блог құрылтай) деп аталды. Алайда, BlogCamp-тың қазіргі форматы кеңейіп, ол тек блогшылар ғана емес, IТ мамандар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер, бизнес жоба иелері қатысатын ауқымды жиын формасына ие болды. Сондықтан, осы жылы ұйымдастырылып жатқан BlogCamp-ты (блог құрылтай) BarCamp-пен теңестіруге де болады.
Осы жылы Астанада өткен блогқұрылтайға біршама ҚазҰУ-дің журналистика факультеті студенттері де қатысты. Айтап айтсақ: Мейіржан Әуелхан, Жансая Имандосова, Рысгүл Рамазанова, Роза Әрен, Айжан Кәрібаева, Айнұр Ракишева және т.б. Олар тек белсенді блогер ретінде емес, блогқұрылтайға өздерінің презентацияларын дайындап апарды. Мысалы, 3 курс студенттері Айжан Кәрібаева мен Айнұр Ракишева "Контентті жобалардың форматы" атты презентациясын "Екпін" онлайн-журналының мысалы негізінде жасады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Хабарландыру!
2012 жылы 13 сәуір күні сағат 14-00 де, 230 аудиторияда ТЕМІРБАНК маркетинг департаментінің директоры Жанайдаров Алибек Сырымұлымен кездесу өтеді. Кездесу барысында маркетинг саласында дамуы және оның стратегиясы жайлы айтылады. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Банктегі маркетинг». Құрметті студенттер, егер сіздерді осы тақырып бойынша өтетін кездесу қызықтырса, дөңгелек үстелге келіп қатысуларыңызға болады.
Ұйымдастырушылар: «Пиар мектебі» үйірмесі,
журналистика факультеті.
Барлығы сіздер үшін, арулар!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ер азаматтары биыл да 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік салтанат Ө.Жолдасбеков атындағы Жастар сарайында өтті. Өткен оқу жылынан бастап университет ректоры Ғ.М.Мұтановтың бастамасымен осы мереке университетте ерекше аталып, тек ер азаматтар құрамынан мерекелік кеш ұйымдастырылып, барша арулардың алғысына бөленіп келеді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып, 6 наурыз күні аталған сарайда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Барлығы да сіздер үшін, арулар!» атты кеш өткізілді. Мерекелік кеште тек ер азаматтар ән салып, би биледі. Композициялық қойылымдар қойылады. Проректорлар, деканның орынбасарлары, бөлім басшылары өздерінің өнерлерімен бөлісті. Бұл күні жиналған барлық аруларымызды тосын сыйлар қарсы алды.
Табиғат ТӨЛЕГЕНТЕГІ
Бектас БЕКНАЗАРОВ: БАҚ-пен тығыз байланыс сот жүйесі ашықтығының кепілі
![]() |
|
Еліміздегі мемлекеттік органдар сияқты ашықтық, жариялылық саясатын ұстанып, оны басты қағидаға айналдырып отырған сот жүйесінің жұмысы, сот реформасы, бұл саладағы бүгінгі ахуалды шынайы тұрғыда баяндау, сарапқа салу бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрініс табуда? Қарапайым халық пен сот, өзге де құқық қорғау органдары арасын жалғастыруға ықпал ету тетігі болып табылатын БАҚ өкілдерінің құқықтық сауаттылығы, кәсіби біліктілігі және бұл бағыттағы жауапкершілігі талап деңгейінде ме әлде болмаса кемшіліктер де кездесе ме?!
Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа айналып, көпшілікті толғандырып отырған бұл мәселелер төңірегінде Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Құқықтық журналистиканың даму бағыттары» атты кездесуде кеңінен әңгіме қозғалды, бұл мәжілістің қонағы – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Бектас Бекназаров болды.
Жиналғандар алдында сөз алған Бас судья «Халқымыздың небір майталман перзенттерінің шығармашылық, азаматтық дәстүрін жалғастырып, Қазақстан тәуелсіздігінің тұғырлы руханиятының биік болуына шұрайлы шығармаларымен, от ойларымен қызмет етіп жүрген журналистердің еңбегі қашан да құрметке лайық» деп бастады. «Қару-жараққа он доллар салғаннан баспасөзге бір доллар салған анағұрлым пайдалы. Өйткені қарудың үні шықпауы да мүмкін, ал баспасөз болса таңертеңнен кешке дейін аузын жаппайды» деген АҚШ-тың отыз жетінші президенті Ричард Никсонның сөзінен үзінді келтірген Бас судья қоғамдағы қандай да бір оқиғаны шындықтан ауытқымай, шынайы түрде көрсетіп, оған жоғары жауапкершілікпен қарау – ең басты парыз әрі өзекті мақсат екендігіне де тоқталды.
Бектас Бекназаров сонымен қатар, республикадағы ең ірі жоба – Қазақстан сот репортерлері гильдиясын құру ісінің қолға алынғандығын да мәлім етті. Мұндай игілікті іс жөнінде бастама көтерушілердің арасында ҚР Жоғарғы соты, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағы да бар. Мұның өзі сот және құқықтық журналистиканы – жоғары кәсіби және этикалық стандарттар негізінде одан әрі дамытуға, сонымен қоса, журналистер мен судьялар қоғамдастығы, БАҚ пен сот арасындағы сенімділік қатынасты және сот билігінің тәуелсіздігін, транспаренттілігі мен тиімділігін нығайтуға айтарлықтай ықпал етпек.
Сала жетекшілерінің пікірінше, республикада құқықтық журналистиканы дамытып, оны одан әрі жетілдірудің жолдары жеткілікті. «Құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттары» атты жиында сөз алған Санкт-Петербург университетінің профессоры Галина Мельник, Санкт-Петербург «Кримонологтар» клубының президенті, «Кримонология» журналының бас редакторы Дмитрий Шестаков БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін, ізденісін одан әрі арттыру бүгіннің де, келешектің де ең өзекті әрі басты мақсаты болуы тиіс екендігін ашып айтты.
«Жоғарғы Сот Төрағасының біздің республикадағы БАҚ қызметкерлерінің әлі де болса құқықтық сауаттылығының жоғары деңгейде емес» деген пікірін қолдайтындығын айта келіп, журналистика факультетінің деканы Е.Алауханов құқықтық журналистика саласына арнайы мамандар даярлау мәселесі бүгінгі күнде тек біздің елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де өзекті болып отыр, осы себепті журналистика факультеті бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарудың бастамашысы болуда» дегенді алға тартты.
Журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында БАҚ басшылары мен кәсіби журналистерді шақырып, шеберлік сыныптар өткізудің әрбір студентке берері орасан зор. Осыған орай, факультетте «Қазақ газеттері» ЖШС-ның басшысы Жұмабек Кенжалин, республикалық «Айқын» газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп т.б. танымал журналистер кездесулер өткізуде. Қазірде журналистика факультетіне «Егемен Қазақстан», «Халық кеңесі» газеттерінде ұзақ жылдар құқық тақырыбында өнімді еңбек еткен тәжірибелі журналист Серік Жұмабекұлы оқытушылыққа шақырылды.
Кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде ұзақ жылдар қажырлылықпен еңбек етіп, құқық тақырыбына озық ойлы, терең мазмұнды мақалалар жазып, атағы республика оқырмандарына кең тараған дарынды журналист, марқұм Нұри Муфтах – кейінгілерге үлгі боларлық тұлға.
«Қазақстанда бүгінгі күнге дейін журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жоғары курстар мүлдем жоқ. Ал, мұндай курстар БАҚ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге көмектесер еді. Осы себепті журналистика факультетінде университет ректоры Ғ.Мұтановтың қолдауымен «БАҚ мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және сертификациялау ұлттық орталығы» құрылуда, оған профессор С.Қозыбаев басшылық жасамақ», – деді Е.Алауханов.
Еліміздегі құқықтық журналистиканың бүгінгі даму бағыттарына арналған келелі жиын бірқатар қиын да күрделі түйінді шешуге көмектесті. Мемлекет басшысының қазақстандықтарға биылғы Жолдауында атап айтылған «Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, шығаруға тиіс» деген талабы БАҚ өкілдеріне де тікелей қатысты. Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – құқықтық сауатты, әрі мазмұны терең, қоғамдық маңыздылығы жоғары құнды дүниелер ғана оқырман жүрегіне жол таппақ. Көпшілік түйіні осы.
Бақыт БАЛҒАРИНА.
Ақпар хат
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультеті баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің және республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық «Болашақ бапагер-редактор» байқауын өткізбек.
Байқаудың ережесі төмендегідей:
Байқаудың мақсаты:
- Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;
- Олардың баспа ісі жөніндегі түсінік-танымын кеңейту;
- Кітап дайындау, шығару, тарату кәсібіне баулу;
- Баспа бизнесімен айналысуға жол ашу;
- «Баспа ісі» мамандығына қызығушылығын ояту.
Байқаудың шарттары:
- Байқауға мектептер мен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.
Қатысушылар үш сынақ бойынша жарысқа түседі:
1.Журналистік-публицистік сынақ (ауызша және жазбаша):
А) жазбаша сынақ сынтезі:
- таңдалған шығарманың мазмұнын яғни тақырыбы мен идеясын ашуы;
- шығарманың пішінін, яғни композициясы, сюжеті, тілі, стилін дұрыс құра білуі;
- грамматикалық, стилистикалық, пунктуациялық сауатының жоғары болуы.
Ә) ауызша сынақ сынтезі:
- білімділік;
- мәдениеттілік;
- жаңашылдық.
2.Безендік (дизайн) сынақ сынтезі:
- шығарманың мазмұнын аша білуі;
- бояулардың үйлесімін таба білуі;
- жазу, сызу және бояу тәсілдерін үйлестіре білуі;
- жаңашылдық.
3.Редакторлық-корректорлық сынақ сынтезі:
- сөйлемнің стилистикалық құрылымын дұрыстау;
- грамматикалық сауат;
- пунктуациялық сауат.
Байқаудың өтетін мезгілі:
Байқаудың өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті 3-зал.
Жеңімпаздарды марапаттау:
1. Ең үздік деп танылған жеңімпаздар ректор грантын иеленеді. Егер ректор грантын иеленген жеңімпаз ЖОО-ға қабылдау конкурсынан мемлекеттік грантты жеңіп алған болса, ректорлық грант ЖОО-ға қабылдау конкурсынан мемлекеттік грантын иелене алмаған, байқауда жеңімпаз атанған келесі талапкерге беріледі.
2. Ынталандыру сыйлығын алған жеңімпаз, егер «5В042200 баспа ісі» мамандығы бойынша оқуға түссе, бір жылдық шәкіртақыға ие болады.
3. Қатысушыларға және олардың жетекшілеріне байқауға катысқаны жөнінде арнаулы сертификат беріледі.
Байқаудың өткізу тәртібі:
Күні:
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, 3 зал
Тіркеу: 8.00-ден 8.50 дейін.
Байқауға қатысушылар өздерімен бірге:
А) жеке куәлігі және көшірмесі;
Б) оқушы екенін айғақтайтын мектептің анықтамасы.
Басталуы: сағат 8.50
- Ақ тілек;
- Конверт ашу;
- Тақырып таңдау;
- Ережені түсіндіру.
Сағат 9.00-10.00 – шығарма жазу;
Сағат 10.00-11.00 – мұқабаны безендіру;
Сағат 11.00-12.00 – қате табу, сөйлем түзету;
Сағат 12.00-13.00 – ауызша сынақ;
Сағат 13.00-14.00 –үзіліс;
Сағат 14.00-14.30 – Қаз ҰУ мұражайын аралау;
Сағат 16.00 – байқау жеңімпаздарын марапаттау (хим-фак үлкен зал).
Ұйымдастыру комитеті
Байқауға қатысты мәліметтерді мына мекен-жайлардан алуға болады: Medeubek.S.agat@mail.сom; artnomad82@mail.ru; MubarakK@mail.kz.
Байланыс телефондары:
377-33-40 (ішкі 1348); ұялы тел.: 8701490 89 90
8705555 88 35
8705980 05 66
8777743 69 66
8702764 44 98
8700453 03 75
Әйгілі әншінің адами болмысын танытқан кеш
Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруыменсәрсенбінің сәтті күні 5-жатақханада әйгілі әнші ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтіңстудент жастармен сырласу кеші өтті. Әлемнің сан сахнасында сайраған бұлбұл әншінің жас тыңдаушыларымен жатақханада алқақотан отырып әңгімелесуі тұңғыш екен. Айтушы да, тыңдаушы да ұлттық ән өнерінің сиқырлы сырлары туралы шешіле сөйледі. Жылы жүздесу әркімге ашыла бермейтін әншінің адами болмысынжақынырақ тануға жол ашты.
![]() |
![]() |
![]() |
|
кәсіби бағдар беру
26 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қала-сындағы № 172 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беру мақсатында кафедра оқытушы-профессорлары жоғары сынып оқушылары, ұстаздар және ата –аналармен кездесті.
23 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы Қарасай ауданы Таусамалы ауылында Б. Соқпақбаев атындағы қазақ орта мектебінде кәсіби бағдар беру мақсатында кафедра оқытушы-профессорлары жоғары сынып оқушылары, ұстаздар және ата –аналармен жүздесті.
![]() |
|
![]() |
|
Сүйінші!
Жаңа оқулық жарық көрді
![]() |
||
«Баспа ісінің менеджменті мен маркетингі» оқу құралының авторы – Журналистика факультеті Баспа ісі және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Әсембаева Бақыт Оқанқызы.
Оқу құралында баспа қызметіндегі менеджмент пен маркетингтің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік мәселелері қарастырылады. Кітап кәсіпорындарының оқырмандардың сұранысына ие болатын жоғары сапалы өнімдерді басып шығаруы оның менеджменттік және маркетингтік қызметті өз деңгейінде жүргізуіне тікелей байланысты. Аталған оқу құралында болашақ баспагер мамандарына кітаптың тауар ретіндегі ерекшеліктері және бизнес жспар құрудың бағыттары жан-жақты түсіндіріледі.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |