Гуманитарлық
2012-2013 оқу жылы

2012-2013 оқу жылы


16.04.2012 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алды

2012 ж. 16 сәуірде жоғары оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған «Қазақ тілі» олимпиадасына қатысып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Достық» тобы Бас жүлдені жеңіп алып, «Өрлеу» тобы 2-жүлделі орынға ие болды.


06.04.2012 Өнегелі өмір

6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Талғат Сайрамбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілі синтаксисі: тарихи дамуы және қазіргі ғылыми бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


24.03.2012 Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз дәріс оқиды

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасы ұйымдастыруымен 2012 ж. 26 наурыз бен 6 сәуір аралығында № 326 аудиторияда Түркия Республикасы Гази университетінің профессоры Насиле Йылдыз ханымның «Орта ғасыр түркі мұраларының тарихи маңызы» курсы бойынша дәріс оқиды. 2012 ж. 30 наурызында сағат 11.00-де оқытушы профессорлар құрамына арналған «Тілді оқытудың әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтеді. Қызығушылық білдіретін ұстаздар мен студенттердің баршасына есік ашық! Келіңіздер!


16.03.2012 «Армысың, әз-Наурыз» кафедра күні

16 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің №17 студенттер үйінде мемлекеттік тіл кафедрасының Наурыз мейрамына орайластырылған «Армысың, әз-Наурыз» атты кафедра күні өтті.


05.03.2012 «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін Республикалық ғылыми-теориялық конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен 6 сәуір, 2012 жылы осы кафедраның негізін қалаушы ф.ғ.д., профессор Т.Сайрамбаевтың 75 жылдығына орай өткізілетін «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы жєне қазіргі ғылыми бағыттары» Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияда мына бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жасау ұсынылады:

  • Ғылым және ғалым тұлғасы: профессор Т. Сайрамбаевтың ғылымдағы ізі;
  • Қазақ синтаксисінің өзекті мәселелері: тілдік бірліктер және оның қызметі;
  • Тіл-құралдың тұлға толеранттығын қалыптастырудағы маңызы;
  • Қазақ тілін оқытудағы қазіргі инновациялар, оқытудың сапасын арттыру технологиялары;
  • Аудармадағы лингвистикалық мәселелер.

21.02.2012 встреча ППС и студентов выпускников с работодателями
23.01.2012 Қалалық әдістемелік семинар өтті

2012 жылдың 23 қантарында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде «Көркем шығармаларды оқыту арқылы студенттің тілдік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.


03.01.2012 Профессор Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасы 2012 жылдың 20 ақпанында сағат 10.00 № 312 аудиторияда Мархабат Томанұлы Томановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.


10.12.2011 «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш

2011 жылдың 10 желтоқсан күні филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультеті, мемлекеттік тіл кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Б.Рысбайдың ұйымдастыруымен, механика-математика факультеті I, ІІ курс студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің тірегі» атты мерекелік кеш өтті.


26.11.2011 «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты кеш өтті

2011 жылдың 26 қараша күні Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен, Экономика және Бизнес жоғары мектебі 1 курс, орыс бөлімі студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты желтоқсан қозғалысына қатысушылармен кездесу кеші өтті.