Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


28.02.2024 Жатақханада «Уақыт белдеуін ауыстыру» кураторлық сағаты өткізілді

2024 жылғы 24 ақпанда жоба аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға эдвайзері А. Е. Жумадилова Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бакалавриат студенттеріне арналған №14 жатақханада «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің ар-намыс Кодексі» және «Уақыт белдеулерін өзгерту» тақырыптарында кураторлық сағат өткізді.


28.02.2024 Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында БҰҰ-ның ардагер волонтерымен кездесу өтті

23 ақпанда "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Орталық Азиядағы БҰҰ волонтеры, экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесші Роберто Болтримен кездесу өтті.


14.02.2024 Ph.D. Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы ғылыми семинар өткізді

12 ақпан 2024 жылы Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының “Жас ғалымдар кеңесінің” ұйымдастыруымен ф.ғ.к. Қамбарбекова Ғалия Әмзеқызы “Дереккөздер: зерттеу әдістері, классификация және зерттеу барысында туындайтын мәселелер” атты ғылыми семинар өткізді.


09.02.2024 Жапониядағы қазақ студентінің өмірі

Мен Пазылбекова Диана Әсілбекқызы, Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Аударма ісі” мамандығының 4курс студентімін. Қазіргі кезде, Жапонияның Саппоро қаласындағы Хоккайдо университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатырмын. 


09.02.2024 Жапониядан алған әсерлерім

Мен Кәжен Шахислам Бақытжанұлы Шығыстану факультетінің жапон тілі аударма ісі мамандығының 4 курс студентімін. Мен қыркүйек айының аяғынан бері Осаканың солтүстігіндегі Мино қаласында тұрып, оқып жатырмын. Менің бағдарламам Никкенсей(日研生) деп аталады және оны Жапонияның Білім министрлігі (MEXT) қаржыландырады. 


31.01.2024 Жаһандану жолындағы маңызды қадам

2023 жылдың желтоқсан айында корейтану кафедрасының 3 курс студенттері Корея Республикасының  университеттерінен  өз білімдерін шыңдап, оралды. Бағдарлама аясында студенттер Пусан шетел тілдері университеті, Сукмён университеті, Донггук университеті, Кукмин университеті және Каннын Вонджу  ұлттық университеті сияқты Кореяның беделді университеттерінде білім алды. 


31.01.2024 Семинар-тренинг «студент жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың психологиялық технологиялары».

   Семинар-тренингті жетекші психолог-ғалымдар С.Қ. Құдайбергенова мен З.Б. Мадалиева жүргізді.


31.01.2024 Алматыда өткен Үндістанның Республика күні

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясындағы "Тұрақты даму үшін серіктестік" бағыты бойынша  28.01.2024 ж. Алматыда Үндістан Республикасының 75 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.


31.01.2024 Арабтану орталығының директоры Е.К.Шоқай Мысырда халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда

Каир қаласында шығыстанушы ғалым, академик Әбсаттар Дербісәліге арналған «Тәуелсіз Қазақстанда ислам мәдениетін дамытудағы академик, шейх Әбсаттар Дербісәлінің қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.