Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


08.11.2022 “Жылы жүрек” атты қайырымдылық жәрмеңкесі

07.11.22 күні Шығыстану факультеті төрінде, “Көмек” Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен “Жылы жүрек”атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.


07.11.2022 «Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті

2022 жылдың 7 қараша күні «Шығыстану» мамандығының 2-курс магистранты Күлес Айнұр ғылыми семинарда баяндама жасады. Семинар тақырыбы «Қазақстан мен Қытайдың қаржы саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы (1992-2022 жж.)», соның ішінде екі елдің банкаралық қатынасы аясында өрбіді. 


07.11.2022 «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры доцент З. Шадкам Өзбекстанға (Самарқанд) іссапары

31.10-05.11.2022 күндері аралығында «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры доцент З. Шадкам Самарқанд қаласында өткен «Central Asia – Center for Islamic Art» атындағы халықаралық форумға қатысып, «Қазақстанда қолжазба кітаптарды жинақта, сақтау және каталог жасау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.


07.11.2022 «Әділетті Қазақстан-жастар таңдауы» атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Қоғамда өзекті орын алып мәселеге байланысты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасында «Әділетті Қазақстан-жастар таңдауы» атты дөңгелек үстел өтті.


07.11.2022 Шығыстың жас ғалымдары мен зерттеушілеріне арналған клубы

Сіздерді 2022 жылдың 7 қарашасында өтетін Oriental club кездесуіне шақырамыз! Сағат 13.00-де 529 ауд. (Шығыстану факультеті)


05.11.2022 Қазақ Ұлттық кітапханасында халықаралық симпозиум өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо 3 қазан 2022 жылы Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық кітапханасында өткен халықаралық симпозиумға қатысты. 


05.11.2022 «Дипломатиялық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті

2022 жылдың 4 қараша күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 2 курс магистранты Су Цзяин «Дипломатиялық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.


04.11.2022 Қытайтану кафедрасының профессоры сұқбат берді

Қытайтану кафедрасының профессоры, Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұқаметханұлы Youtube желісіндегі Халықаралық қатынастар факультетінің IRD news каналына сұқбат берді. 


04.11.2022 «Қытай тіліндегі интернет-лексиканың әлеуметтік маңызы» тақырыбында ғылыми семинар өтті

2022 жылдың 2 қараша күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы, «шетел филологиясы» мамандығының 1 курс докторанты Мұқатай Клара «Қытай тіліндегі интернет лексиканың әлеуметтік маңызы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. 


04.11.2022 Шығыстану факультетінің 4 курс студенттері "Центр карьеры" өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін, 2022 жылдың қараша айының 3 жұлдызында, Халықаралық Қатынастар факультетінде, Шығыстану факультетінің ұйымдастырылуымен "Центр Карьеры" өкілдерімен кездесу өтті.