Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


27.10.2022 Ғылыми семинар өтті

2022 жылдың 26 қазан күні қытайтану кафедрасының «Шығыстану» мамандығының 2-курс  PhD докторанты Болатбек Алина ғылыми семинарда«ҚХР инвестиция саясаты мен заңдарының қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасады.


26.10.2022 Қытайтану кафедрасының профессоры баяндама жасады

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2022 жылдың 21-ші қазан күні  «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі: ынтымақтастық тарихы, болашағы және өзекті мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.


26.10.2022 Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!

«25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында студент жастарға патриоттық сезімді дамытып, отаншылдық рухқа баулу мақсатында 21 қазан күні Қытайтану кафедрасы  «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тақырыпта кеш өткізді.


24.10.2022 Корей жастары үшін арнайы сабақ және лекция өтілді

2022 ж. 22 қазан күні Корея Республикасы елшілігіндегі білім орталығында корей жастары үшін арнайы сабақ және лекция өтілді.


24.10.2022 «Қытай тілі көпірі» сайысының жеңімпазы Кенжебекова Мадинаны әлемдегі ең мықты 30 сайыскердің қатарында
24.10.2022 Стамбулда Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша I халықаралық академиялық олимпиада

2022 жылдың 17-18 қазанында Түркияның Стамбул университетінде «Орталық Еуразия студенттеріне арналған корейтану бойынша I халықаралық академиялық олимпиада» өтті. 


23.10.2022 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ТЫҒЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БОЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

2022 жылдың 21 қазан күні Шығыстану факультетінде Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі өтті. Жиын онлайн форматта болды. Мәжіліске факультет басшылығы, кафедра меңгерушілері, Білім беру бағдарламаларының координаторлары және жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері қатысты. 


21.10.2022 Встреча с директором Исследовательского центра «Абу Ханифа», профессором Шамшадин Керимом

20 қазан 2022 ж. эдвайзерлер мен оқытушылар Жұмажанова Ф.Т., Қалиева Ш.С., Жиекбаева А.Б., Хаван А., Жумадилова А.Е., Мұқашев А.Е. және Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бакалавриат студенттері «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшадин Тұрсынұлы Керіммен кездесу өткізді. 


20.10.2022 Көп қырлы Түркия және оның мәдениеті

Өткен аптада 19 қазанда тағы бір мәдени шара өтті. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түрксой кафедрасының 406 аудиториясында өнер мен мәдениетке арналған дөңгелек үстел өткізілді.


20.10.2022 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо «Хэсахакбо» газетінде мақала жариялады