Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары



1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті2022 жылдың 30 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы мен «Жібек жолы» үйірмесінің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған «Welcome party» кеші өтті.


Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Теңсіздікті жою) жобасының негізінде Алматы қаласындағы М. Ганди саябағында Махатма Гандиді еске алуға арналған «Ганди Джаянти» шарасы өтті.

2022 жылдың 30-қыркүйек күні Шығыстану факультетінің деканы Н.Б.Ем мен қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев ««Бір белдеу – бір жол» Ғылыми-Зерттеу Институты» ЖШС-інің өкілдерімен кездесті. .

2022 жылдың 30-қыркүйек күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы Алматы қаласы Жетісу ауданы Құлагер ықшам ауданында орналасқан, 148-мектеп гимназия ұжымымен және оқушылармен кездесу өткізді.

2022 ж. 2 қазанда М.Ганди атындағы саябақта (Алматы қ.), сағат 9.00-де Үндістанның тәуелсіздігі үшін қозғалыстың жетекшісі, қоғам қайраткері, күш қолданбау философиясы мен стратегиясының негізін қалаушы Махатма Гандиді еске алу күні өтеді.

2022 жылғы 29 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған «ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК МҰРА НЫСАНДАРЫ» атты халықаралық фотокөрмесін ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдар мен зерттеушілерді, ұстаздар мен докторанттарды АР09259326 «Дастур ал-'илаж» - далалық медицина дереккөзі» ғылыми-зерттеу жобасы аясында ұйымдастыралатын «ДАЛАЛЫҚ МЕДИЦИНА: ДЕРЕКТЕРІ, ТАРИХЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ, ҰҒЫМДАРЫ МЕН ТЕРМИНДЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.