Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2021 жылы 6 мамырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының қайырымдылық шарасы өтті. Айлардың сұлтаны саналатын ораза (рамазан) айында қайырымдылық жасау сауапты істерден болып табылады.

2021 жылы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде «Діни тәжірибелер, білім беру және цифрландыру: зерттеу әдістері» тақырыбында онлайн-ғылыми семинар өтті. Шығыстану факультетінің оқытушылары, жас ғалымдары мен докторанттары қатысқан семинар факультеттің ғылыми қызметі шеңберінде, сонымен қатар «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыруымен, ҚР БҒМ ГҚ 2020-2021, ЖТН AP08956706, жоба жетекшісі т.ғ.д., Л.Г. Ерекешева) атты жоба аясында өтті.

2021 жылдың 26 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде "5В021200-Шығыстану"мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Сәуірдің 26-27 күндері аралығында университетіміздің Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркітану» мамандығы бойынша, ҚР ЖОО студенттері арасында дәстүрлі XIII Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-4 курс студенттері белсене қатысты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде қырғыз тілі онлайн курсының ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Алымукулов Алиясбек және консул Жакыпов Кайратбек қолдау білдіріп арнайы келді. Сонымен қоса іс-шараға ыстық ықыласын білдірген "Абай" медалін, Елбасының "Бірлік" алтын белгісін, ассамблеяның "Мейірім" төс белгісін алған, қазақ шығармаларын қырғызша, қырғызды қазақша сөйлеткен Перизат Алмасқызы.

Халықаралық UNESCO ұйымының шешімімен 2021 жыл Түрік сопылық мектебінің негізін қалаушы, ұлы ақын Юнус Эмренің 780 жылдығына байланысты «Юнус Әмре жылы» болып жарияланды. 2021 жылдың 21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында «Түркі әлеміндегі түріктің ұлы ақыны Юнус Әмренің орны» атты арнайы ғылыми халықаралық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының урду бөлімі оқытушылары мен студенттері Пәкістан Ислам Республикасыдағы Заманауи тілдер Ұлттық университетінде біліктілікті арттыру бойынша тілдік курстан өтіп жатқандығын қуанышпен хабарлаймыз.

Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстандық қытайтану ғылымында белгілі, өзіндік мектебі қалыптасқан ғалым. Қазіргі уақытқа дейін жиырмаға жуық ғылым кандидаттары мен PhD докторларын дайындап, отандық шығыстану ғылымына өз үлесін қосып келеді. Ғылыммен айналысумен қатар, профессор Алдабек кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор, министрліктегі қызмет секілді баспалдақтардан да абыроймен өтті. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қытайтану кафедрасында қызмет етеді.

2021 жылдың 3 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы және Египеттің Айн Шамс университетінің ұйымдастыруымен «Пандемия жағдайында онлайн режимде қытай тілін оқыту» аттыхалықаралық дөңгелек үстел өтті.

2021 жылы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған халықаралық бірқатар іс-шаралар шеңберінде, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетімен және Аль-Марсад Аль-Уруби Еуропалық обсерваториямен (Франция) бірлесіп, ЖОО оқытушыларына арналған «АРАБ ТІЛІН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ: ТЕОРИЯДАН ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ПРАКТИКАҒА» атты III республикалық әдістемелік вебинар өз жұмысын онлайн форматта бастады. Бұл әдістемелік вебинар 2021 жылдың 24 сәуіріне дейін жалғасады.