Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2021 жылдың 2 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы және ҚХР-дің Сиань қаласындағы Солтүстік –Батыс университеті бірлесіп, «2021 оқу жылының онлайн қабылдау семинары» атты халықаралық студенттер жәрмеңкесін өткізді.

2021 жылы 29 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімі Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының бірлесіуімен көктемгі Наурыз және Холи мерекелерін онлайын форматта атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Түркия Республикасы, Спарта қаласы, Сүлейман Демирел университетінің түрік тілі мен әдебиеті бөлімі профессоры Осман Йылдыз мырзаның «Түркі тілдерінің жасы мәселесі» атты семинары өткізілді.

24 наурыз күні ҚХР Ланчжоу университетінің «Қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айжан Болатханқызы, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Асылбеков Р., қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф. және қытайтану кафедрасының оқытушылары, Қытай тарапынан Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Чи Гань, Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу институтының директоры Чжан Вэнгань және Ланчжоу университетінің оқытушылары қатысты. Іс шара барысында ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Айжан Болатханқызы және қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ф. Оразақынқызы, Ланчжоу университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Чи Гань, Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу институтының директоры Чжан Вэнгань сөз сөйлеп, жылы лебіздерімен бөлісті.

2021 жылы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы әлем әдебиетінің оқу залында орналасқан Үндістан кітап қорындағы жаңа кітаптардың библиографиялық сипаттамаларын қазақ және орыс тілдеріне аударып, көмек көрсеткені үшін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті үнді бөлімінің оқытушылары мен студенттеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

2021 жылы 16 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде онлайн форматта тәжік тілін оқыту курсы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш іс-шараға Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир, С.Айни атындағы Тәжік мемлекеттік педагогикалық университеті тәжік тілінің оқытушысы Джамила Саидова, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.М.Сүлейменов, кафедра меңгерушісінің ғылыми істер бойынша орынбасары Ф.Жұмажанова және факультет оқытушылары, студенттері қатысты.

Әлемде Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атымен даңқы тараған, Қазақ даласынан шыққан данышпан ойшыл, Отырар перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Каир қаласындағы Елшілігі ұйымдастыруымен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Мысырдағы әл-Азхар университетінің Ислами зерттеулер академиясының атсалысуымен 2021 жылғы 15 наурызда Каирде «Екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі» атты онлайн халықаралық конференция болып өтті.

Биыл 23-ші рет өткізілген шешендік өнер сайысы Қазақстандағы Жапония елшілігі, Қазақстан жапон тілі оқытушылары қауымдастығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өтті. Сайысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай-хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы, Ичикава жапон тілі мектебінен 16 студент қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы оқытушы Кутлугжон Сұлтанбектің модераторлығымен «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштердегі парсы сөздердің қолданылу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Бұл осы бағыттағы сегізінші семинар. Бұл маңызды семинарды проф. м. а. Зубайда Шадкам жүргізді.

2021 жылдың 3 наурыз күні, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында жыл сайын берілетін Мәженова Мәрзия Нұрмағанбетқызы және Нуртазинова Дина Нүркенқызы атындағы дәстүрлі ынталандыру шәкіртақысы, 1-курс студенті Ашаева Аяжанға, 2-курс студенті Айнакулова Жадыраға, 3-курс студенті Шаеке Альбинаға, 4-курс студенті Көпжасар Аялаға табысталды.