Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2021 жылғы 25 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) білікті маманы, т.ғ.д., профессор, танымал шығыстанушы ғалым Әшірбек Құрбанұлы Муминовпен кездесу өтті.

2021 жылы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде өзбек тілі онлайн курсының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы А. Фатхуллаев, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің ректоры, тар.ғ.к., доцент Г.Рихсиева, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры ф.ғ.к., доцент Э. Махмудов қатысты. Онлайн курстың ашылу салтанатына сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы PhD, Ықтияр Молдатөреұлы, ҚазҰУ, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы PhD, Жақубаева Салатанат, ҚазҰУ, Түркісой кафедрасының меңгерушісі PhD, Қыдырбаева Үміт қатысты. Іс шараға сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің оқытушы, профессор құрамы мен студент, магистрант және докторанттары қатысты.

2021 жылғы 12 ақпанда Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «Гүлістан» үйірмесі, Иран телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының дикторы, әрі Pars Today Kazakh ақпарат сайтының аудармашысы Омарханова Гаухар Жұмағазықызымен онлайн кездесу өткізді.

1 ақпан 2021 жылы ҚазҰУ-да Түрксой кафедрасының 2-4 курс студенттеріне «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы атынан ынталандыру шәкіртақысын табыстау рәсімі өтті. Студенттерді марапаттау рәсімінде түркі әлемінің бай мұрасын насихаттап, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына қызмет етіп келе жатқан «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов мырза сөз алып, ұйымының 2015 жылдан бері ҚазҰУ-дың сенімді серіктесі болып табылатындығын атап өтті.

2021 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының эдвайзері У.А. Амирбекова «Шин сэдэ» студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелерімен бірге «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара өткізді.

2021 жылдың 4 ақпанында ZOOM онлайн-платформасында 1 курс кеңесшісі Ким Э.В. жетекшілігімен «COVID-19 пандемиясы кезіндегі корей тілінің аудармашысының қызметі» тақырыбында Барбосынова Назерке 2018 жылдың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегімен лидерлік дәрісі өтеді. Оған Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттері қатысты.

2021 жылы 29 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Шығыстану факультетінде Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы С. Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығымен бірге, «Мәдениет кенептері» кітабының оффлайн / онлайн тұсаукесері өтті.

2020 жылдың 30 қарашасы мен 2021 жылдың 20 қаңтары аралығында ҚХР Бейжің қаласында Қытай шет тілдер алмасу орталығы, Орталық радио және телевизиясы, «Қытай тілі көпірі» клубы және Қытай тілі альянсының бірлесіп ұйымдастыруымен шетелдіктер арасында қытай фильмдері мен теледидар туындыларын дубляждау бойынша сайыс ұйымдастырылды.

2021 жылдың 15 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен «Халықаралық хинди тілі» күні онлайн форматта аталып өтті.

2021 жылдың 6 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Сажжад Ахмад Сихар мырзамен кездесу өтті.