Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2020 жылдың 21 қазан күні Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир Шығыстану факультетіне келіп, факультет деканы Ықтияр Палтөремен кездесті.

COVID-19 бүкіл әлемге көптеген шектеулер мен көңілсіздіктер әкелді, академиялық ұтқырлық жоспарларын түзету қажет болды, өйткені студенттерді шетелге оқуға жіберу тоқтатылды. Әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қиыр Шығыс кафедрасының Корей бөлімі студенттері онлайн-курстардың арқасында Кореяның Сукмён университетінде оқуларын жалғастыруда.

Осы жылдың 28 қараша күні, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында “Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық-ғылыми зерттеу орталығы тарапынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген “Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан жастары” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасы жастарының “Алтын кітап” иегерлері марапатталды. Алматы қаласынан аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы қатысып “ҚР Дарынды жастар Алтын төсбелгісімен” және Алғыс хатпен марапатталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бастамасымен ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарына араб тілінде Әл-Фараби мұрасына арналған дәрістер ұйымдастырылуда.

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бастамасымен ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарына араб тілінде Әл-Фараби мұрасына қатысты дәрістер оқыла бастаған болатын.

2020 жылдың 23 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Парсы тілі бөлімі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметі бірлесіп Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы шеңберінде «Абай және Шығыс шайырлары» атты әдеби кеш өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Алламе Табатабаи университетімен бірлесе отырып Қазақстандағы ирантанушыларға, докторанттар мен магистранттарға 22 қазаннан бастап, Алламе Табатабаи университетінің профессоры Оуранг Изади лидерлік дәріс жүргізеді.

Үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло Шығыстану факультетіне арнайы келіп, факультет тынысымен танысты. Елші кездесу барысында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның «Тәжіктер тарих айнасында. Арийліктерден Саманидтерге дейін» атты қазақ тіліне аударылған кітабын факультетіміздегі «Тәжік тілі мен мәдениеті» орталығына тарту етті. Кітаптарды Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Пірімбек Сулейменов қабылдап алды. Бұл кітаптар орталықтың кітаптар қорында сақталады.

2020 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шин сэдэ» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі У.А.Амирбекова 4 курс студенттері Сәдір Бибінұр, Абай Аяулым, Қалыбек Арайлым, Кенжеғалиева Дананың ұйымдастыруымен «Мәдени көпір: Кореядағы тағылымдама» тақырыбындағы мәдени, әрі ғылыми-танымдық кездесу өткізді.

Осы жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «Үздік жас ғалым - 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша, Шығыстану факультеті, Тюрксой кафедрасының 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, сонымен бірге арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» төсбелгісімен марапатталды.