Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


08.12.2023 «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайданың Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) 21– 29 қараша 2023 ж. барған іссапары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайда 21– 29 қараша 2023 ж. гранттық жоба аясында Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) іссапарға барып келді. 


08.12.2023 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу

05.12.2023 жылы Түрксой кафедрасының студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында белгілі күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаймен кездесу өткізді.


06.12.2023 ҚЫСҚЫ МЕКТЕП

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) (Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер ) жобасының негізінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорларының ұйымдастыруымен «Қазақстан және Пәкістан: мәдени-тарихи байланыстар" атты қысқы мектеп өз жұмысын бастады.


05.12.2023 «Ортақ құндылықтарымыздың аты – Тұран»

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс  түсірілген «Ортақ құндылықтарымыздың аты – Тұран» фильміне қатысты.


05.12.2023 «Аймақтық мәселелерді талдау орталығында»

Нұрат Ілияс Өзбекстан демографиялық жағдайлары туралы видеотүсірілімге қатысты.


05.12.2023 “Мен, өзге және өзгесі” атты кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми зерттеулер институты директоры Суат Бейлур мырзаның шақыртуымен Түркияның   мемлекет қайраткері, дипломат, профессор, Ибраһим Қалыңның “Мен, өзге және өзгесі: Ислам-Батыс қарым-қатынасының тарихына шолу” атты кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесеріне қатыстып, кітап жөнінде сын-пікрін білдірді. 


05.12.2023 Қиыр Шығыс кафедрасында "Тұрақты даму мақсаттары: кедейлікті оның барлық түрлерінде жою» атты іс-шара өтті

Қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ұмтылу және студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында әлеуметтік-танымдық іс-шара өтті.


01.12.2023 Дәулет Фатимабибі қытай тілі оқытушыларының байқауында жеңіске жетті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының профессоры Дәулет Фатимабибі 2023 жылғы 30 қарашасында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ұйымдастырған қытай тілі оқытушыларының қалалық V байқауында 1 орынды жеңіп алды.


01.12.2023 ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ QS WUR РЕЙТИНГІ БОЙЫНША ТОП 200-ГЕ КІРЕТІН ХАНЯНГ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
30.11.2023 Қиыр Шығыс кафедрасында «Құрлық пен теңіздің экожүйесін сақтау» тақырыбында брейн-ринг өтті

Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, келешек ұрпаққа саналы ой қалдыру үшін корейтану бөлімінің меңгерушісі Жаханова Ж.А. және жапонтану бөлімінің меңгерушісі Тазабекова Г.Б. ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының Шығыстану мамандығының 3-курс студенттері арасында  «Құрлық пен теңіздің экожүйесін сақтау»   тақырыбында брейн-ринг өткізілді.