Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бастап саяси ынтымақтастық байланыс кеңінен даму үстінде. Бүгін Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Имтиаз Ахмад Кази мырза өз атынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің урду бөліміне урду тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Елшілік атынан келген өкіл Манас мырза Шығыстану факультетінің деканы, PhD докторы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының қабылдауында болып, кітаптарды табыстады.

Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматы қаласындағы корей тілі оқытушыларына арналған «Topik емтихандарын тапсыруға студенттерді дайындау әдістері» тақырыбындағы әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Саха ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде арнайы келіп, Түрксой кафедрасының профессор оқытушылар құрамымен кездесті.
Құрметті қонақтарды РС Ғылым академиясының академигі Слепцов Петр Алексеевич бастап келді. «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігі» жобасының жетекшісі Владимир Дмитриевич Монастырев «Саха елінен келген делегацияның басты мақсаты – Қазақстандық ғалымдармен танысу» деді. Сондай-ақ көлемі 10 мыңға жуық беттен тұратын «Түсіндірме сөздікте» саха тілінің 80 мыңдай сөздері мен фразеологизмдері қамтылған және олардың түсіндірмелері саха-орыс тілдерінде берілген 15 томдық сөздікті Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көпшілікке таныстыру екендігін жеткізді. Сөздік авторлары ф.ғ.к., ғылыми қызметкерлер Надежда Матвеевна Васильева, Надежда Николаевна, Ольга Никоноровна Аммосова, т.б. кіші ғылыми қызметкерлер мен магистранттар соңғы 15 жылда бір-бір томнан шығарып, тоқтаусыз жұмыс істегенін айтты. Осы сөздіктің бір данасын кітапханаға сыйлайтындықтарын хабарлай отырып, Түрксой кафедрасының студенттері мен магистранттары пайдалана алатындықтарын тілге тиек етті.
Сөз кезегін алған «Саха тілінің үлкен түсіндірме сөздігі», («БТСЯЯ») сөздігінің бас редакторы, ф.ғ.к. Нелунов Анатолий Гаврильевич «Іссапардың басты мақсаты – түркі әлеміне ортақ құндылықтарды, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін насихаттап, тәжірибе алмасу» деп өз сөзін түйіндеді.
Саха ғалымы, академик Петр Алексеевич Слепцов «Якут тілінің үлкен түсіндірме сөздігінің авторы ретінде түркі тілдеріндегі түсіндірме сөздіктердің жаңаша әдістерімен жасалған бірегей басылым екенін айта келе, Түрксой кафедрасының оқытушы-профессорларымен өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында факультет деканы Ықтияр Палтөре саха ғалымдарына арнайы уақыт бөліп факультетімізге келгендігі үшін өз алғысын білдірді. Ғылым-білім саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Әріптестікті нығайтуға мүдделі екендігімізді жеткізді.

Биыл қазан айының 10 күні жапон университеттерінің ресми өкілдері ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде орналасқан Цукуба университетінің Алматыдағы кеңсесіне келді. Жапондық делегацияның мақсаты – Қазақстандағы, соның ішінде ҚазҰУ-дағы білім беру жағдайымен танысу болып табылды.

Қиыр Шығыс кафедрасында студенттердің «Шин сэдэ» ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында саяси ғылымдар докторы Дмитрий Вольбонович Меннің Солтүстік Кореяға сапары туралы ашық лекциясы өтті.

Жапондық профессор жапон мәдениетінің бір түрі болып табылатын оригамиден ауқымды мастер-класс өткізді.

Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі әрбір қазақ азаматының жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі түсінген адам үшін өнеге мен өсиетке толы. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, ақын С. Торайғыров жырлағандай, бүгінгі ұрпақтың бойына оның өрнекті өлеңдерін сіңіру мақсатында 2 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқу» байқауы өтті.
Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры Наталья Ем Нью-Йорк Университеті Квинс колледжінің Американдық корейлерді зерттеу орталығының конференциясында баяндама жасады.

2019 жылы 23 қазанда Жапонияның астанасы – Токио қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба Университетінің құрметті докторы атағы берілді.
2019 жылғы қазан айының 18 жұлдызында Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті үнді ғалымы, профессор Мансура Хайдар ханымды қарсы алды. Әл-фараби кітапханасының Абай залында тарих және шығыстану факультеті оқытушылары мен студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен өткен кездесу барысында профессор Мансура Хайдардың осы жылы жарыққа шыққан "Mirza Muhammad Haidar Dughlat Kurkan" атты кітабының тұсаукесері өтті. Урду, парсы, ағылшын және орыс тілдерін білетін Мансура ханым студенттердің қойған сұрақтарына үлкен толқыныспен жауап беріп отырды. Тарих факультеті деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы ғалымға алғыс білдіріп, факультет атынан сыйлықтар табыстады. Оқытушылар мен студенттер профессормен Мансура Хайдар ханыммен бірге естелік суретке түсті. 19 қазан күні Шығыстану факультеті үндітану бөлімінің оқытушылары Мансура Хайдар ханыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы үндітану мәселелері сөз етілді. Кездесу соңында Мансура Хайдар ханымға Шығыстану факультеті атынан қазақи нақыштағы естелік сыйлықтар табысталды және суретке түсті.