Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында, Алматы қаласындағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен корейтану апталығы аясында корей тілі жайлы білім сайысын өткізді.
Ғылыми семинар-практикумды қытайтану кафедрасының профессор м.а. Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет кафедраның докторанттары мен магистранттарына оқылатын "Аударманы оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелері", "Заманауи аударма тұжырымдамалары" және "Шығыс тілінде сөйлеу этикеті және келіссөз практикасы" пәндері аясында ұйымдастырды.
Семинар барысында ғылыми мақала жазудағы негізгі сұрақтар талқыланып, магистранттар өз мақалалары бойынша ұтымды жауаптар алды.
2023 жылдың 21 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында, Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен Алматы қаласында кафедра профессоры Ли Бен Джо мен студенттердің ұйымдастыруымен «Мен және Корея» викторинасы өтті.
23-қарашада "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мырзаның қатысуымен «Елші сағаты» өтті.
2023 жылдың 20-қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында шетелден келген профессор, PhD докторы Сакурай Томонобу «Бұлшықеттердің ғылыми сипаттамаларына негізделген спорттық жаттығулар» тақырыбында семинар өткізді.

2023 жылдың 20 қарашасында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының эдвайзері А.Е. Жумадилова, Ф.Т. Жұмажанова «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасының «Таза су және санитария» тармағы аясында «Шығыстану» және «Дінтану»мамандықтарының 2 курстарына «Таза су – денсаулық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Тұрақты даму мақсаттарына кіретін БҰҰ-ның «Планета - құрлықтың экожүйелерін және су ресурстарын ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі» бағыты аясында ҚазҰУ «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан 2 курс студенттері Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті А.К.Ахметбекова мен аға оқытушысы Ж.Р.Сейтметованың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қараша күні «Су – ырыс көзі» атты іс-шара өткізді.
2023 жылдың 20 қарашасында Қиыр Шығыс кафедрасында (корейтану кафедрасы) «Корейтану апталығы» шарасы басталды. Бұл іс-шара жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп, Қиыр Шығыс кафедрасының жыл сайынғы ең көрнекті әрі ауқымды шарасы болып табылады.
2023 жылғы 20 қарашада шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасы ілеспе аударма мәселелері бойынша II қалалық семинар-практикум өткізді. Бұл семинар-практикумның басты ерекшелігі деп бұл іс-шараға шығыстану факультетінің, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Халықаралық бизнес Академиясы және Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі оқытушылары, докторанттары және магистранттарымен қатар