Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

27 сәуірде Бішкек гуманитарлық университетінде 23-ші Орта Азиялық жапон тілінен шешендік өнер сайысы өтті. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 15 адам қатысты.

24 сәуір күні Гонконг политехникалық университетінен келген екі профессор Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде жас ғалымдармен, магистранттармен және докторанттармен кездесіп, дәріс оқыды.
2019 жылдың 17 сәуірінде Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, “Үнді классикалық би орталығы Алматы-Қазақстан” бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Наурыз-Холи-Мейрамы-2019» атты көктем мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Іс-шарада хинди тілінде холи мейрамы туралы өлең жолдары оқылды, үнді классикалық және болливуд билері биленіп, қазақтың домбырасы шертіліп, іс-шараға белсене қатысқан қатысушыларға алғыс хат берілді.

28-29 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде араб тілінен «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға «5В020900-Шығыстану» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу орындарының 2,3 курс студенттері қатысты.
Араб тілі бойынша комиссия мүшелері келесі оқытушылар болды:
- Ф.ғ.к., доцент Көптілеуова Д.Т.
- PhD, аға оқытушы Тюлегенов Қ.М.
- PhD, аға оқытушы Әбулфутух Ю.Ә. (Каир университеті, Мысыр)
- Оқытушы Муаз Сабри (Иордания университеті, Иордания)
- Оқытушы Жазылханұлы Е.

Бүгін Шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен білім саласындағы жауапты өкілі, Елші кеңесшісі Абдулмуталлиб Четин мырза қонақта болды.

Гонконг университетінің профессорлары Чан Шуэйдуэн мен Дэвид К.С. Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасына келіп, 24 сәуір күні сағат 14.00 503 аудиторияда «The teaching of Chinese as a second language in Hong Kong» және «Multilingual China’s language policy since the 1950s» атты лекциялар оқиды.

2019 жылдың 20 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дайындық факультетінің Акті залында «Қытай тілі көпірі» Бүкіләлемдік студенттер жарысының Алматы қаласы бойынша аймақтық деңгейдегі ақтық сыны өтті.

Кәсіптік бағдар беру аясында Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары «Таңғажайып Жапония» оқушыларына арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға Алматы қаласының жоғары сынып оқушылары мен жапонтану кафедрасының студенттері қатысты. Іс-шараның басында бірінші курс студенттері Қиыр Шығыс кафедрасы туралы, Жапонтану бөлімі туралы айтып берді. Содан кейін бірінші курс студенттері орта мектеп оқушыларына арналған Жапония туралы викторина өткізді.

Халықаралық шешендік өнер сайысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жыл сайын өткізу дәстүрі 2011 жылы басталған еді. Сол дәстүрді жалғастыра келе, 2018-2019 оқу жылының 10 сәуір күні Оңтүстік Кореяның Ханъянг және Намсеул университетінің қатысуымен корей тілінен 9-шы халықаралық шешендік өнер сайысы өтті.
Сайыстың бірінші кезеңінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан студенттерінің жазба жұмыстары қабылданды. Ал екінші кезеңге өткендер қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенттері болып, Корея университеттерінің қонақтары сарапшы болды.

Республикалық олимпиада 2019 жыл наурыз айының 27-29 жұлдызында ҚазҰУ шығыстану факультетінде Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында «Түркітану» мамандығы бойынша пәндік олимпиада жоғарғы дәрежеде өтті .