Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

2019 жылғы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Пәкістан Қарулы күштерінің авиация коммодоры Zaeem Afzal бастаған делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамында Пәкістанның Қарулы күштерінің, Мемлекеттік қызметтегі және достастық мемлекеттерден құралған 20 офицер, сондай-ақ Қазақстандағы Пәкістан елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Basit Saleem Shah мырза болды.

2019 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Наурыз мерекесін тойлады. Қиыр Шығыс кафедрасы Шығыстану факультетінің атынан Наурыз тойына келген құрметті қонақтарды қарсы алды. Біздің үйіміздің ерекшелігі – шығыстану факультетінде 8 шығыс тілі оқытылатындығында. Олардың арасында Қиыр Шығыс, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия елдері мен Түркия, сонымен қатар, Қазақстан жерінде тұратын басқа да этностар бар.

ҚазҰУ-дың 26 магистранты Times Higher Education World University Ranking рейтингісі бойынша әлемдегі №1 университет саналатын Оксфорд университетінде (University of Oxford) ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Іс-араның мақсаты - Алматы қаласының оқушыларын Шығыстану факультетінің кафедраларымен таныстыру, қабылдау туралы, факультетте білім алу ерекшеліктері туралытолық ақпарат беру. Іс-шараға Алматы қаласының орта мектептерінің, гимназиялар мен лицейлердің оқушылары қатысты.

9 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде “Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция 4 секция бойынша жұмыс атқарды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры “Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі” тақырыбында Жетісу жастарына дәріс оқыды.
3 сәуір 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде 2019 жылдың 2-12 сәуірде өтіп жатқан VІ Халықаралық Фараби оқулары аясында «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі заманғы Шығыс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жуырда Мадридтің Комплутенсе Университетінің (UCM, Испания) Филология факультетінің шақыртуымен ҚазҰУ-дың шығыстану факультетіндегі шығыс елдерінің профессорлары Чан Бенг Сун және Мионг Сун Ок Қиыр Шығыстан Шығыс Финляндияның (EFU, Финляндия) Гуманитарлық университетінің Азиялық Қоғамдастық мектебінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына арнайы дәрістер оқыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде «Шығыстану» мамандығы бойынша студенттердің ХІ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Биыл корейтану бөлімі бойынша Республикалық олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 27 студенті қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде үш университеттің қатысушылары тіл, тарих, елтану бойынша тест тапсырмаларын орындап, корей тілінде «Мен үшін өмірдің мәні неде?» тақырыбында эссе жазды. Бұл кезеңнен үздік нәтиже көрсетіп, сүрінбей өткен 10 студент әділ-қазылардың назарына өздері дайындаған «Егер мен Кореядан бенчмаркинг жасасам» тақырыбындағы презентацияларын ұсынды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» мен Ухань университетінің «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы» 2016 жылы қол қойған Ынтымақтастық келісімшарты негізінде, 2019 жылдың 3-4 мамыр күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бір белдеу - бір жол» және «Нұрлы жол» жобаларының концепциясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференцияның мақсаты: «Бір белдеу - бір жол» мен «Нұрлы жол» жобаларына қатысты танымды тереңдету; жан-жақты талқылаулар арқылы Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, туындаған мәселелері мен даму болашағын саралау; екі елдің ғылыми алмасуларын ілгерлету, достығы мен ынтымақтастығын нығайту.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдері.
Ақпараттық хат: Ақпараттық хат.docx