Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы мен мәдениеті» атты кәріс тілін үйренушілерге арналған қысқы мектеп өтті.

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері, оқытушы-профессорлар құрамы!

2018 жылы Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімі көптеген 1курс студенттерін қабылдады. Эдвайзер-куратор, сондай-ақ «Шығыстану» мамандағының докторанты Сермухаметова Багжан тарих призмасы арқылы қазіргі заманның негізгі басымдықтары туралы баяндады.
Корей Республикасы, Андонг қаласында орналасқан Андонг мемлекеттік университетінде 2019 жылдың 17 қаңтарынан 18 қаңтарына дейін «Мәдени құндылықтардың жаңа түсінігі және оны қолдану» атты халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференцияда 12 баяндама тыңдалды, оның ішінде Жапония, Қытай, Монғолия және Қазақстан спикерлері болды.

Философия және саясаттану факультеті және университеттік тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен дәстүрлі қыстық семинар - тренинг болып өтті.
Қиыр Шығыс кафедрасы Токио шет тілдер университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын тағы да қабылдады. Профессор Окада Акито арнайы шақыртылған профессорлар бағдарламасының шеңберінде ҚазҰУ-да болып, Жапониядағы білім беру жүйесі туралы дәрістер оқыды. Профессор ОКАДА Акито Нью-Йорк университетінде (АҚШ) магистрлік диссертациясын қорғап, Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) докторлық диссертациясын қорғаған және SCOPUS рейтингтік басылымдарында жарияланған бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.
Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ем Наталья Қазақстан корейлер Ассоциациясы Президиумының мүшесі ретінде «Korea – Central Asia Special Forum for Issue of Koryoin: Extensive Issue and Future Aspect» форумына қатысып, Хангук шет тілдер университетінде көпшілік алдында Орталық Азия зерттеулері Институтының студенттері үшін дәріс оқыды.

Корей Республикасының Корейтану академиясының шетелдегі корей әдебиетін зерттеуге бағытталған 3-жылдық жобасының қолдауымен Шығыстану факультетінде "Шетелдегі корей әдебиетінің зерттелуі: мәселелер, тенденциялар және оның келешегі" атты халықаралық конференция өтті.
Бұл конференцияға 4 мемлекеттің (Қазақстан, Қытай, Ресей және Корея Республикасы) корейтанушы ғалымдары қатысты.

ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Конфуций институты және қытайлық студенттер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Жібек жолы – жастық арман» тақырыбында «Бір белдеу – бір жол» инициативасының іске асуына 5 жыл толуына орай үздік эссе байқауы өтті.

19-желтоқсанда Масуд Шейх Зейнеддин мырза ирантану бөлімінің студенттеріне Иран Ислам Республикасы Саади қоры тарапынан тағайындалған шәкіртақыны тапсырды