Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


19.12.2018 Корей әдебиеті бойынша халықаралық конференция

Корей Республикасының Корейтану академиясының шетелдегі корей әдебиетін зерттеуге бағытталған 3-жылдық жобасының қолдауымен Шығыстану факультетінде "Шетелдегі корей әдебиетінің зерттелуі: мәселелер, тенденциялар және оның келешегі" атты халықаралық конференция өтті.


16.12.2018 Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының профессоры Чжао Хуэйжун дәріс оқыды

С 30.11.2018-ден 15.12.2018-ге дейін Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясын шақырған профессор Чжао Хуэйжун  дәріс оқыды.


13.12.2018 ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚТАРЫ

Желтоқсан айының он екінші жұлдызында Шығыстану факультетіне Түркияның Стамбул қаласындағы Йылдыз Текника Университетінен доктор Тунжай Севиндик бастаған делегеция құрамы келді.

Йылдыз Текника Университеті қазіргі заманғы инженерлік технологияларды ғылым мен білім саласында белсенді енгізіп жатқан әлемдік деңгейдегі танымал университет.  Университеттің IT саласындағы мамандары аталған оқу орнының арнайы Технопаркінде білім беру, ғылыми жұмыстар жүргізу салаларында компьютерлік бағдарламаларды ұтқыр қолданумен қатар күнделікті тұрмыста кез келген мақсаттағы жұмысты жеңілдету үшін сан түрлі бағдарламалар құрастырған. Олар іс жүзінде тәжірибеден өтіп, өзінің үлкен нәтижелерін айқын танытып отыр және европалықтардың қызығушылығын арттыруда.

Доктор Тунжай Севиндік факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттары мен докторанттарын өзі даярлаған Мустафа Инан, Сабри Демир, Мурат Учар сияқты білікті мамандармен таныстырып, олардың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарының мазмұнын түсіндірді.


12.12.2018 Елін сүйген елбасы"атты эдвайзерлік сағат

Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Қалиолла Ардақ жалпы 2 курс студенттерімен


10.12.2018 Шәкіртақы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті. Онда шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің GPA-ы жоғары және аз қамтылған отбасыдан шыққан жеті студент 800 мың теңгеге жуық шәкіртақы алды.


07.12.2018 Жетістік ҚазҰУ-нен басталады!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті Республикалық "Коре Ильбо" атты корей газетінің құрамына қабылданды.


07.12.2018 ҚАЗҰУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖАПОНИЯДА ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕН БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Кадикова Самал Токио қаласындағы Халықаралық жапон тілі институтында тағылымдамадан өтті.


07.12.2018 МӘДЕНИЕТ ДИПЛОМАТИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жыл қараша айының 30-шы жұлдызында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Мәдениет дипломатиясы Халықаралық институтынан келген делегация мүшелерімен кездесу өтті (Біріккен Араб Әмірлігі). Кездесуге делегация төрағасы, Мәдениет дипломатиясы Халықаралық институтының директоры Мухаммед Камиль Әли Муейни, жазушы Насер әл-Захери, аймақтық менеджер Уәлид әл-Абед, «Рохмикс» Халықаралық компания иесі Музахем әл-Әли, Әли Ахмад Убәйд Накби, Убәйд әл-Тенеди, Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылар құрамы мен 1,2 курс студенттері қатысты.


07.12.2018 ҮНДІ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ САНДЖАЙ ГАРГ МЫРЗАМЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылдың 4 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза ҚР Үндістан Республикасының жанындағы Свами Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры Санджай Гарг мырзамен кездесті.


06.12.2018 Мицубиши банк төрағасының арнайы дәрісі

Жапониядағы ірі банктердің көшбасшысы болып саналатын Мицубиши банк өкілдерімен әр жыл сайын кездесулерді ұйымдастырып отыру Жапонтану кафедрасының дағдысына айналған. Сан алуан өзекті тақырыптар төңірегінде өтетін бұндай кездесулердің студенттерге берері мол. Бұл жолғы кездесу де соның айқын дәлелі.