Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Чан Бенг Сун және Мионг Сун Ок жетекшілігімен қазіргі уақытта Европада 3 университетпен (Испанияда 2, Финляндияда 1), сондай-ақ Қазақстанның 4 университеті де осы халықаралық «Бір Азия» жобасына қосылады. Бұл шаралар Қазақстанның ЖОО-лары мен Еуропа университеттерінің арасында академиялық алмасуды кеңейтеді.
04.12.2018
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Шет тілдер апталығының» ашылу салтанаты
4 желтоқсан, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Шет тілдер апталығының» ашылу салтанаты өтті. Ашылу кешіне колледж шет тілі пән мұғалімдері мен студенттер белсене қатысты.
04.12.2018
Ұлы даланың поэзиясы Чонбук Университетінде
Чонджу қаласындағы, Чонбук Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) қабырғасында Олжас Сүлейменовтің қазақ поэзиясы шырқалды. ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Чонджу қаласындағы Чонбук Ұлттық университетіне шақырылып, халықаралық Корей зерттеулеріне арналған «ХХІ ғасырдағы корейлік зерттеулердегі серпілістер мен сын-ескертпелер» атты халықаралық конференцияға қатысты.
30.11.2018
Қытай жайлы елтану зияткерлік сайысы өтті
Қараша айының 29-30 күндері Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы Конфуций институтының қолдауымен Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы «Халық жүрегінен жол тапқан жаңа Жібек жолы» атты 2-ші Қытай жайлы елтану зияткерлік сайысын өткізді.
30.11.2018
Қытайтану кафедрасы студенті Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы тарапынан Қытайда оқу грантына ие болды
29.11.2018
Ирантанушы және үндітанушы студенттер театрда
27-қарашада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану және үндітану бөлімдерінің студенттері М. О. Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театры қойған белгілі жазушы-драматург Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясын тамашалауға барды
29.11.2018
Президент күніне арналған іс шара
2012 ж. желтоқсанның бірінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтіп келеді. Президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
29.11.2018
"Қазақстан Жоғарғы оқу орындарындағы қытай тілін оқытудың инновациялық технологиялары" атты ғылыми-методологиялық дөңгелек үстел өтті
2018 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Жоғарғы оқу орындарындағы қытай тілін оқытудың инновациялық технологиялары» атты ғылыми-методологиялық дөңгелек үстел өтті.
27.11.2018
Жапон бөлімі студенттерінің рекрутинг компаниясының президентімен кездесуі (Жапония, Саппоро): студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету
2018 жылдың 27 қараша айында, Жапонияның Саппоро қаласында орналасқан жапондық рекрутингтік компания Regions-тің президенті Юкио Такока әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің жапон бөліміне дәріс оқыды
25.11.2018
Тіл- татулық тірегі
Үстіміздегі айдың ортасында Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының бірігіп ұйымдастыруымен «Тіл- татулық тірегі» атты шара өткізілді.