Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің шығыстану факультетінде «Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 2009 жылдан бері «Ариана» білім мен мәдениетке қатысты істермен және Қазақстан аумағындағы ауған диаспорасы өкілдеріне заңдық және құқықтық көмек көрсетумен айналысып келеді.

15-қазан күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімінде 1 курс студенттерімен танысу кеші өтті. Мұндай шараны жыл сайын өткізу иран бөлімінде дәстүрге айналған.
16.10.2018 ХАБАРЛАНДЫРУ: «Бірлік – береке бастауы» атты кездесу
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы және "Адырна"ұлттық-этнографиялық бірлестігімен бірге "Бірлік - береке бастауы" атты кездесуге қатысуға шақырады.

2018 жылдың 12 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза Алматыдағы Пәкістан Ислам Республикасының бизнес саласының өкілдері, Star Sports International компаниясының бас атқарушы директоры Хабибуллах Ахтар мырза, MBA Management Президенті Хабиб Пирзада мырза, International Publishing House “Yellow Pages” маркетинг директоры Сарфараз Хуссаин мырзалармен достастық кездесу өткізді.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу" атты байқау өткізілді
Шығыстану факультетінде «Шетелдердегі корейтану ғылымын зерттеудің көкжиектерін кеңейту және нығайту» тақырыбында шетелдік корейтану ғылымы бойынша халықаралық семинар өтті.

11 қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының делегациясымен кездесу өтті.

2018 жылдың 3 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің үндістану бөлімі Үндістанның саяси қайраткері, «Ұлт Әкесі» Махатма Гандидің туған күніне арналған іс-шара өткізді.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Сомониен» тәжік этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары, дипломат Иноятуло Валиев және «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкірмен кездесу өтті. Кездесу «Бірлік-береке бастауы» тақырыбы бойынша өтті.

2018 жыл қазан айының 4-жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, PhD, сонымен қатар аталмыш университеттің араб бөлімінің түлегі Р.А. Алпысбаевмен кездесу өтті. Кездесуге факультет деканы Ы.М. Палтөре, кафедра меңгерушісі К.Т.Ғабдуллин, магистрант-студенттер және оқытушылар қатысты.