Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
01.10.2018 ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы, «Тұран-Иран ғылыми зерттеу орталығы» мен Ыстамбұл университеті филология факультетінің «Қазіргі түркі тілдері» кафедрасымен бірлесіп «Тіл, тарих, әдебиет: ортақ түркілік құндылықтар» атты тақырыпта халықаралық онлайн конференция өткізетіндігін хабарлайды.
Әр апта сайын Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде Жапон қорынан келген өкілетті профессор Юми Онишимен «Жапон тілінде сөйлесу клубы» өткізіледі. Бұл клубтың жұмысы студенттердің жапон тілі мен мәдениетін, осы елдің өкілімен тереңірек танысуға бағытталған.

28 қыркүйек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуына орай және Әлемдік Конфуций институты күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Қиыр Шығыс кафедрасы Japan Foundation -мен бірге 3 жыл қатарынан кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жапонтану бөліміне түсетін студенттер санының жыл сайын көбейіп келе жатқаны бұл жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанына дәлел бола алады. 2018-2019 оқу жылында студенттер саны 24- ке жетті . Студенттердің көбісі Қазақстанның түпкір-түпкірінен оқуға келген.
28.09.2018 ОБЪЯВЛЕНИЕ!!! Уважаемые студенты, преподаватели КазНУ имени аль-Фараби!
Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының (ҮРҰКК) делегациясымен кездесуге шақырады. Үндітану бөлімі ұйымдастырған іс-шара 2018 жылдың 4 қазанында сағат 09.00-де 5 қабатта, Махатма Ганди атындағы орталықта (503 ауд.) өтеді.
Қысқа бағдарламада - Үндістан Республикасының Ұлттық Кадет Корпусының (ҮРҰКК) делегациясымен танысу, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҮРҰКК арасындағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы презентация, хинди тілінде ән, өлең, болливуд биі.
28.09.2018 ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, оқытушылары!
Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұлы үнді саясаткері, ұлт әкесі Махатма Гандидің туылған күніне арналған іс-шараға шақырады. Қазақстандағы Үндістан елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Махатма Гандиді еске алуға арналған іс-шара 2018 жылдың 2 қазанында сағ. 09.00-де Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко, Гагарин, Жамбыл және Жароков көшелерінің шаршысында орналасқан шағын саябақта өтеді.
Бағдарламада - Махатма Гандидің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, «Ганди» фильмін көрсету, рухани көсемді еске алу кеші, Үнді тағамдары.

26-қыркүйекте Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс Оңтүстік Азия кафедрасы парсы бөлімінің жетекшілігімен Тарих факультетінде Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени Орталықтың жетекшісі Масуд Шейхзейнаддин мырзамен студентер мен ұстаздар ұжымы кездесті.

Қыркүйектің 25-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары профессор Юми Онищи мен Әліби Әріпұлы Талдықорған қаласындағы №25-ші және №16-шы орта мектептерде кәсіби-бағдарлық жұмыстарды өткізді.

2018 жылың 25 қыркүйегінде ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы Қазақстан халықтары тілдер апталығына байланысты үлкен іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды, бірінші кезекте алдын ала 17 қыркүйектен бастап оқитын ел тілінде және ана тілінде, тіл туралы толғамдарын, басынан өткен қызықты эсселерін, т,б., кешулері негізінде туған ойларын еркін түрде мақала етіп жазу тапсырмасы берілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында студенттермен белсенді түрде тәрбие жұмысы жасалады. Кафедра жыл сайын 1 курсты студенттер қатарына қабылдау кешін ұйымдастырады.