Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет жаңалықтары мен оқиғалары


22.09.2018 Tsukuba Global Science Week 2018

Ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында Tsukuba International Congress орталығында «Driving Sustainable Development» тақырыбында өткен шараға Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлары Ниномия Такаши мен Ем Наталия қатысып қайтты.


19.09.2018 Шығыстану факультеті және Солтүстік-батыс саясат және заң университеті білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза Қытай Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің (西北政法大学) өкілдерімен достастық кездесу өткізді. Кездесуге Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің проректоры, профессор Ван Жян мырза,Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің Халықаралық білім беру факультетінің деканы профессор Сан Юаньфэн мырза, Бизнес және экономика факультетінің деканы профессор Ли Сяонин ханым, Халықаралық заң факультетінің профессоры Лю Пин ханым келді.


19.09.2018 Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап таныстыру лекциясын өткізді

Қыркүйектің 18 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде Кочи Университетінің (Жапония) профессоры Иноуэ мырза Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері мен магистранттарына арнап таныстыру лекциясын өткізді.


18.09.2018 Сенімді серіктестік өз жалғасын тапты!

Қиыр Шығыс кафедрасының негізгі міндеттерінің бірі - жыл сайын кафедраның сенімді серіктесі Васеда университетімен бірлесіп қысқы мектеп бағдарламасын ұйымдастыру болып табылады.


17.09.2018 Күншығыс еліндегі ҚазҰУ мақтаныштары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы қазіргі таңда Жапониядағы танымал, дамыған университеттермен қарым-қатынас жасауда.


17.09.2018 Гонконг политехникалық университетінің профессорымен кездесу

17 қыркүйек, Гонконг политехникалық университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті Қытай тілі және билингвизм департаментінің директоры Давид Ли Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетіне келіп факультет деканымен және Қытайтану кафедрасының ұжымымен кездесті.


15.09.2018 Жаңа оқу жылына барлығымыз бірге!

Қыркүйек айының 14-күні Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс бөлімінде жыл сайынғы "Сонбе және Хубэ кездесуі"(1-курс студенттерінің жоғарғы курс студенттерімен кездесуі) атты шара өткізілді.


13.09.2018 "Жапонияның экономикалық даму үрдісі"

2018 жылдың 13 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның шығыстану факультетінде Қазақстандағы Жапония елшілігінің экономика және экономикалық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ишибики Юкио мырзаның Жапонияның экономикалық даму үрдісі жайлы арнайы дәрісі өтті.


12.09.2018 Палестиналық жазушы, Ясир Арафаттың кеңесшісімен кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетттің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 2018 жылдың 11-қыркүйек күні, сағат 15.00 палестиналық жазушы, Оксфорд университетінің түлегі, Ясир Арафаттың кеңесшісі, палестиналық әйелдер қозғалысының жетекшісі Ханан Ауад ханым Шығыстану факультетінің қонағы болды. 


09.09.2018 ЖАҢА СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТ – БУНКЁУ ГАККУИН СТУДЕНТТЕРІ (ЯПОНИЯ) ҚАЗҰУ-ДА ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТЕ

Қиыр Шығыс кафедрасы Бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен бірге бір жылдан бері Бункёу Гаккуин университетімен (Япония) ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізіп, серіктестікке қол жеткізді. Соның нәтижесінде аталған жапондық университеттің гуманитарлық ғылымдар факультетінің 22 студенті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-іне Қысқы мектепке қабылданды. Студенттер «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты бірлескен білім бағдарламасы бойынша білім алып, курс соңында сертификат иеленді.