Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
22.04.2018
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Наурыз мерекесіне қатысты
2018 жылдың 21 сәуірінде Шығыстану факультеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кампусында жыл сайынғы «Қош келдің, Әз Наурыз!» Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты.
20.04.2018
«Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс»консулдық сағаты
2018 жылдың 17 сәуір күні сағат 17.00.-18.00 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз «Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс» тақырыбы аясында консулдық сағат жүргізді.
19.04.2018
ХАБАРЛАНДЫРУ: «Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері» тақырыбында 72 сағаттық лекциялар
23.04.2018-06.05.2018 ж. уақыт аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына шетелден шақырылған профессор Мутайр Хусейн әл-Малики «Қазіргі араб лингвистикасындағы өзекті мәселелер және араб тілін оқытудың жаңа инновациялық әдістері» тақырыбында 72 сағаттық лекциялар топтамасын жүргізетін болады.
19.04.2018
ХАБАРЛАНДЫРУ: Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігінің Мәдениет Орталығының Директорымен кездесу
Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшілігінің Мәдениет Орталығының Директоры Санджай Гарг мырза
қатысуымен Кездесуі
17.04.2018
Қолдан жасалған өнімдер көрмесі
Қолөнер туындылары 2018 ж. 21 сәуір күнгі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тойланатын наурыз мерекесіндегі жәрмеңкеде көпшілікке көрсететін болады.
17.04.2018
Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен Елші сағаты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде Әзербайжанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов Эйнаддиноғлы Түрксой кафедрасының ұстаздары және студенттерімен елші сағатын өткізді.
17.04.2018
Шаһид Бехешти университетінің ректорымен жемісті кездесу
Ағымдағы жылдың 17 сәуірі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не Иран Ислам республикасының Шаһид Бехешти университетінен ректоры профессор Сейд Хасан Садуқ мырза бастаған делегация келді. Қадірлі қонақтарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанұлы бастаған университет ұжымы қарсы алды.
15.04.2018
ЖАҢА СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТ – БУНКЁУ ГАККУИН СТУДЕНТТЕРІ (ЯПОНИЯ) ҚАЗҰУ-ДА ҚЫСҚЫ МЕКТЕПТЕ
Қиыр Шығыс кафедрасы Бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен бірге бір жылдан бері Бункёу Гаккуин университетімен (Япония) ынтымақтастық жөнінде келіссөз жүргізіп, серіктестікке қол жеткізді.
14.04.2018
Қытай тілі бойынша «Қытай тілі көпірі» сайысы
14 сәуір күні қытай тілі бойынша «Қытай тілі көпірі» сайысы Алматы жоғары оқу орындары арасында өткізілді:әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Уақыты: 10: 00-12: 00
Өткізілген орны: Философия және саясаттану Факультеті, мәжіліс залы
14.04.2018
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері Алматыдағы Кореяның Ұлттық туристік ұйымы байқауында үздік атанды.
Алматыдағы Кореяның ұлттық туристік ұйымының өкілдігі «Біздің Оңтүстік Кореяға тамаша сапарымыздың жоспары» байқауын жариялады. Конкурстың мақсаты – Кореяға тамаша саяхаттың жоспарын құрастыру.