Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушылары Түргенбай А.А. мен Бисенбаева Ә.П. Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде кәсіби бағдар бойынша колледж студенттермен, оқытушыларымен кездесіп қайтты.

2017 жылдың ақпан айы мен 2018 жылдың ақпан айы аралығында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының шығыстану мамандығының4 курс студенттері Қайрахметов Р мен Сағыгдықова К Пусан шет тілдер Университетінде тілдік тағылымдамадан сәтті өті. Студенттер өздерінің тілдік деңгейлерін көтеріп ғана қоймай, сонымен қатар бітіру жұмыстарына керекті материалдар жинап келді.

«Қытайдың мәдениеті мен әдебиеті» деген атпен ашық есік күні форматында өтті. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Алматыдағы ҚХР консулдығының өкілдері келіп қатысты. Атап айтсақ, Бас консулдың Орынбасары Гуо Чиң чяо мырзамен мен Консулдың мәдениет және оқу ағарту саласы бойынша аташесі Ваң Цзипин мырзаларды кітапхана директорының орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы өзі күтіп алды.
Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасы студенттерінің қатысуымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде өткен «春节 – Көктем мерекесі» атты іс-шара

9.02.2018 сағат 16:00 – 18:00 Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті және ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтымен ұйымдастырылған кеш өтті.

2018 жылдың 31 қаңтарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов пен Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шри Прабхат Кумардың қатысуымен Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияның шығыстану кафедрасының төрт мамандарының жұмыстарының салтанатты презентациясы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінәң Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Елші сағаты»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мутанов, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар Махатма Ганди орталығының ашылуын салтанатты түрде өткізді.

2018 жылдың 29-шы қаңтар күні Алматыда ҚазҰУ-дың ректоратында «Шинхан банк Қазақстан» АҚ-ның жылдық шәкіртақыны табыстау салтанаты өтті.

«Айналаңды нұрландыр» және «Саламатты өмір» жобасы аясында Шығыстану факультетінде боксшы, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарында олимпиада чемпионы, «Олимпиадалық бокс орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті.