Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
27.10.2017
«Орыс және корей тіліндегі септіктердің айырмашылығы»
Әл-Фараби ҚазҰУ-ның Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының Корейтану бөлімінде Ханянг университетінің профессоры Хам Ге Им «Орыс және корей тіліндегі септіктердің айырмашылығы» атты тақырыпта арнайы дәріс өткізді.
25.10.2017
«ЖАПОНИЯДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ»
2017 жылдың 25-ші қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасында Жапон фондының (Japan Foundation) өкілі Ониши Юми ханымның қатысуымен Жапониядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесіне арналған ауқымды кураторлық сағат өтті.
24.10.2017
Үздік студенттерге «POSCO» шәкіртақысы табысталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік студенттеріне Оңтүстік Кореялық «POSCO» компаниясының арнайы шәкіртақысы табысталды.
Қиыр Шығыс кафедрасы және Халықаралық корейтану орталығы Кореяның бірігуі гуманитарлық ғылымының Төртінші бейбіт форумының қатысушылары болды және қазақ жеріндегі корейлердің тұрып жатқанына 80-жыл толуына орай «Қазақстан корейлерінің өткені мен бүгінгісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырды.
05.10.2017
Сеншю университеті профессорының лекциялар курсы өткізілді
Қиыр Шығыс кафедрасының бакалавр, магистр жəне PhD студенттері, сондай-ақ Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамынан тұрды. Хироаки Ито Сеншю университетінің филология факультетінің профессоры болып табылады. Көптеген пленарлық отырыстарға және шақыртылған профессор ретінде Италияда, Ұлыбританияда дәрістер берген. JSPS / CNRS қорларының иегері, философия, мәдениет және әдебиет мәселелерін зерттеуге арналған бірқатар монографияның авторы болып табылады.
07.09.2017
Жоғарғы курс студенттерімен 1 курс студенттерінің кездесуі
Бүгін Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің 1 курс студенттері мен жоғарғы курс студенттері арасында кездесу өтті.
02.08.2017
18-ші Бүкіләлемдік корей форумы
2017 жылдың 2 тамызында Алматыда «Әлемдік көп этникалық және мультимәдени дәуірде бейбіт өмір сүру, алмасу мен ынтымақтастық» атты 18-ші Бүкіләлемдік корей форумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстанның корей қауымдастығы және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Жаһандық корей қоры ұйымдастыруда.
25.07.2017
Қиыр Шығыс кафедрасының жетістігі
Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Корея әдебиеті, сондай-ақ ТМД корей диаспорасының әдебиетін зерттеуде елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жоба 2017 жылы Корея Республикасының Корейтану академиясының қаржыландыруымен бекітуін алды.
30.06.2017
Жапон тілінің жазғы мектебі өтті
Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімі 9-11 сынып оқушыларына арнап жапон тілінің жазғы мектебін ұйымдастырды. Оған Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары мен Алматы (Ұзынағаш), Жамбыл облыстарының (Қордай) оқушылары қатысты.
20.06.2017
Ұлы Жібек жолы
20 маусым 2017ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде әлемдегі тарихтың мәдени және географиялық сегменттің зерттеу саласындағы халықаралық сарапшылар командасын біріктірген Ұлы Жібек жолы бойынша халықаралық конференция өтті.