Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
- Негізгі бет
- Факультеттер
- Гуманитарлық
- Шығыстану факультеті
- Факультет жаңалықтары мен оқиғалары
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Корей түбектерін біріктіру мәселесі бойынша Халықаралық ғылыми форум өтті. Форумға Корея Республикасын біріктіру министрлігі, Кореяны бейбіт және демократиялық тұрғыда біріктіру жөніндегі Орталық-Азиялық Консультативтік Кеңесі, Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы, Алматы Ұлттық Корей орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы ұйымдастырушылық етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Чонг-Ён» Медициналық қорының кезекті арнайы дәрісі өтті.

Корейтанушы студенттерге арналған Солтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің экономикасы туралы арнайы дәріс оқылды.

31.03.17 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде жапонтану бөлімінің түлегі, Жапонияның Токио шет тілдер университетінің магистранты Голубь Антонмен кездесу өтті.

Іс-шара бағдарламасы осы салада маманданып жүрген студенттер мен оқытушылардың Корея туралы түсінік деңгейін көтеруге, Корей елінің тарихы, салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы, мәдениетімен танысуға,сондай-ақ, әріптес екі ел ынтымақтастығын нығайтуға бағытталады.
Сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту, университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Васэда Университетімен (Жапония) бірге 2017 жылғы Қысқы мектепті ұйымдастырды. Аталмыш мектепке профессор Атцуши Огихараның жетекшілігімен келген, Орталық Азияны зерттеуге мамандандырылған 8 студент қатысты.

Қазақстандағы Жапония елшілігі, Қазақстан жапон тілі оқытушылары қауымдастығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен сайыс Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толу құрметіне арналды.
Сайысқа Қазақстандағы жапон қауымдастығы, Қазақстандағы жапон кәсіпкерлері қауымдастығы, Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы, Жапон қоры демеушілік жасап, Жапонияның Цукуба университеті, “Теракоя” қоғамдық ұйымы, қазақстандық “New & Rare Resources” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зор қолдау көрсетті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қысқы мектебі аясында «Қазақстан мен Жапониядағы қарттар мәселесі» тақырыбында Халықаралық студенттік форум өтті. Форум Жапонияның Цукуба университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға мемлекеттік іссапары екі елдің жан-жақты қарым-қатынасының бұрынғыдан да жандана түсуіне зор үлес қосты. Екі ел басшылары «Азияның өркендеуі дәуіріндегі ерекше стратегиялық әріптестік туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Күншығыс елі университеттерімен ғылыми, мәдени, білім саласындағы жүйелі байланыстары да өзінің жалғасын тауып, нақты іс-шаралар негізінде көрініп келеді.

Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері ерікті болды. Олар Оңтүстік Корея делегациясының атташесі болып, оларға көмек көрсетті. Сонымен қатар осындай еріктілер қатарында бола отырып, олар өздерінің корей тілінде дамыта түсті. Универсиада аяқталғаннан кейін еріктілер сертификаттармен марапатталды.