2017 жылдың ақпан айы мен 2018 жылдың ақпан айы аралығында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының шығыстану мамандығының4 курс студенттері Қайрахметов Р мен Сағыгдықова К Пусан шет тілдер Университетінде тілдік тағылымдамадан сәтті өті. Студенттер өздерінің тілдік деңгейлерін көтеріп ғана қоймай, сонымен қатар бітіру жұмыстарына керекті материалдар жинап келді.
Студенттеріміз тілдік талымдамадан өту барысында сол елдің мәдениеті,экономикасы және тарихына байланысты көптеген қызықты пәндерді игеріп,білімдерін толықтырды. Біздің студенттер Пусан Университетінде тілді оқумен қатар көптеген конкурстарға қатысып,өздерінің Университеттерін шетелдіктерге паш етті.
2008 жылдың тамыз айында екі универсиет арасында студенттермен ауысу туралы келісім шартқа қол қойылғаннан бері 10 жыл өтті. Осы 10 жыл ішінде екі ел Университеттерінің байланысы нығайып өз жемісін беріп келеді.