Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясында қытайтану кафедрасының студенттері

12.04.2018

11-12 сәуір күндері Шығыстану факультетінде «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті.
Қатысушылар:
Конференцияға бакалавриат, магистратура студенттері және докторанттар қатысты.
Конференцияның ашылуы 11 сәуірде сағат 10: 00-де өтті, 5 секция бойынша жұмыс 10: 30-дан 18: 00-ге дейін өткізілді.

Бөлімдер тақырыптары:

I секция. Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты

II секция. Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері

III секция. Әдебиеттану дискурсындағы Шығыс елдерінің әдебиеті және аударма мәселелері

IV секция. Шығыс қоғамы, мәдениеті, діні

V секция. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері.

12 сәуір күні Студенттер сарайында. Ө.Жолдасбеков конференцияның жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
Қытайтану кафедрасының студенттері келесі орындарға ие болды:

2 орын:
Бақтыбекова Малика (1 секция)
Тоқтар Балжан (2 секция)

3 орын:
Beisen Adeline (1 секция)
Умурзакова Ляззат (2 секция)
Урумбаев Эскбол (5 секция)

 

Бақктыбекова Малика

Тақырыбы: «ҚКП ХІХ сьезді. "Көркем Қытай құру" саясаты».

Талқыланған мәселелер:

- Қытайдың экологиялық проблемалары және ХІХ сьезде қабылданған шаралары

- Көркем Қытай құру саясатының түпкі мақсаты.

- Қытайдағы экологиялық проблемалар Қазақстан үшін сабақ ретінде.
- Екі елдің экологиялық мәселермен салыстырмалы талдау.

Тоқтар Балжан

Тақырыбы: ««Тағам» концептісінің лингвомəдени ерекшеліктері (қазақ және қытай тілдері негізінде)».

Талқыланған мәселелер:

- Қытай және қазақ тағамдары

- Қытай және қазақ тілдеріндегі ас, тағам атауларының әртүрлі тілдік бірліктер құрамында, яғни мақал-мəтел, фразеологизмдер құрамында

- Қазақ және қытай тілдердің өзіне тән ерекшеліктері.

Бейсен Аделина:

 

Тақырыбы: Қытайдың қауіпсіздік концепциясы мен оның ШЫҰ аясындағы қолданылуы.
Талқыланған мәселелер:

- Қытайдың дәстүрлі және қазіргі қауіпсіздік концепцияларының айырмашылығы

- Қазіргі қауіпсіздік концепциясының басты идеялары мен оның ШЫҰ шеңберіндегі қолданылуы.
Умурзакова Ляззат

Тақырыбы: Қытай антропонимдерінің ерекшеліктері

Рассмотренные вопросы:

- Қытай есімдері және антропонимдері

- Қытай антропонимдерінің шығу тарихы

- Қытай антропонимдерінің лексикалық мағынасы

Урумбаев Есбол
Тақырыбы: Қазақстанның Еуразиядағы интеграциялық үдерістердегі рөлі мен мүдделері
Талқыланған мәселелер:

- Қазақстан Республикасының Еуразиядағы интеграциялық үдерістер жөніндегі мәселелер.

- Қазақстанның аймақтағы рөлі.

- Үдерістер мәселелері мен оларды шешу жолдары.