Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«2018 Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай» атты халықаралық симпозиум

28.07.2018

Нәбижан Мұқаметханұлы, ҚХР Мәдениет және туризм министрлігі мен Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының шақыруымен, 2018 жылдың 22-28 шілде күндері Қытайда ғылыми іс-сапарда болды. Аталмыш мекемелер ұйымдастырған «2018 Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай» атты халықаралық симпозим шілденің 23-24 күндері Бейжиң қаласындағы Руйчжи (瑞吉酒店)қонақ үйінде өтті. Симпозимге Қытайдан 11 ғалым және 24 мемлекеттелден 28 қытайтанушы мамандар қатысты. Симпозимге «Жас қытайтанушылар» өкілдері да қатыстырылды, оның ішінде біздің кафедрадан Сериккалиева Ажар Ермекқызы да бар.

Семинарды Мәдениет министрінің орынбасары жүргізді. Сөз кезегі алдымен АҚШ Гарварт университетінің профессоры Paul Gilmore Clifford-ке (柯保罗) берді.

Симпозиум 24 шілде күні Руйчжи қонақ үйі жиын залында жалғасты. Профессор Нәбижан Мұқаметханұлы жалпы отырыста «Қазақстан мен Қытайдың Индустрия саласындағы ынтымақтастық қатынасының дамуы» (« 哈中产能合作关系发展») деген тақырыпта баяндама жасады.