Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Күншығыс еліндегі ҚазҰУ мақтаныштары

17.09.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасы қазіргі таңда Жапониядағы танымал, дамыған университеттермен қарым-қатынас жасауда. Оның ішінде: Сайтама университеті, Осака университеті, Васеда университеті, Хоккайдо университеті, Токио шет тілдер университеті, Цукуба университеті. Сонымен қатар ұстаздарымыздың жан-жақты профессионалды түрда дамуына халықаралық қорлар Japan Foundation және Nippon Foundation өз көмектерін тигізуде. Жыл сайын осы университеттермен ынтымақтастық аясында ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары жоғарыда аталған университеттерде оқу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие.

Сонымен қатар, Жапон елшілігі шет елде 6 ай және одан да көп уақыт білім алуға студенттерімізге бағдарламалар желісін ұсынды. Осы бағдарламаларға тоқтала кетсек:

MEXT – тікелей Жапон елшілігінің демеушілігімен екі жақты қатынастарды дамыту мақсатында жасалатын бағдарлама;

Ge-NIS - негізінен ТМД және Балтық елдерінде мамандандырылған бағдарлама;

1992 жылы құрылған Heiva Nakajima қоры жапон және халықаралық студенттерге шәкіртақы ұсынады. Шәкіртақы университеттің ұсынысы бойынша беріледі, әрі қарай конкурстық іріктеу ұсынылады;

Mitsubishi Corporation - дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған корпоративтік бағдарлама аясында 4-ші курс студенттеріне стипендия тағайындайды