Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультеті және Солтүстік-батыс саясат және заң университеті білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19.09.2018

ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза Қытай Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің (西北政法大学) өкілдерімен достастық кездесу өткізді. Кездесуге Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің проректоры, профессор Ван Жян мырза,Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің Халықаралық білім беру факультетінің деканы профессор Сан Юаньфэн мырза, Бизнес және экономика факультетінің деканы профессор Ли Сяонин ханым, Халықаралық заң факультетінің профессоры Лю Пин ханым келді.

Кездесу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұстанған ғылыми-инновациялық бағыты, Шығыстану факультетінің жалпы жағдайы, Қытайтану кафедрасының жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары талқыланды. Шығыстану факультетінің деканы Ы.М. Палтөре мырза Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның көпсалалы дамыған оқу орындарының бірі екенін тілге тиек етіп, білім беру бағдарламалары, ғылыми жұмыс пен кəсіпкерлік негіздері бойынша мықты екенін жеткізді. Қонақтар да Қытайдың тарихи астанасы саналатын Сиан қаласында орналасқан Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің жағдайымен жалпылама таныстырып өтті. Солтүстік-батыс саясат және заң университетінің проректоры, профессор Ван Жян мырза Шығыстану факультетінің болашақ мамандар даярлау саласында алатын орнының ерекше екенін атап айтып өтті

Деканмен кездесуден кейін қонақтар қытайтану кафедрасының ұстаздар құрамымен танысып, шығыстану музейін аралады. Музейдің қорына таң қалды, студенттерге қытай мәдениетін зерттеу барысында таптырмайтын жер екенін атап айтты.  

Кездесудің негізгі мақсаты университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара тәжірибе алмасу. Алдағы уақытта екі университет арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатымен ортақ іс-шараларды көптеп өткізу ұсынылды. Кездесу аясында Мұхамедқанұлы Набижан профессорін Солтүстік-батыс саясат және заң университеттеріне лекция оқуға шақырды.

Кездесу шеңберінде білім беру жəне ғылым салаларындағы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды.