Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қытайтану кафедрасында «Тілім менің тірегім » атты іс-шара өтті

25.09.2018

2018 жылың 25 қыркүйегінде ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасы Қазақстан халықтары тілдер апталығына байланысты үлкен іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара екі кезеңнен тұрды, бірінші кезекте алдын ала 17 қыркүйектен бастап оқитын ел тілінде және ана тілінде, тіл туралы толғамдарын, басынан өткен қызықты эсселерін, т,б., кешулері негізінде туған ойларын еркін түрде мақала етіп жазу тапсырмасы берілді.

Бірінші турға 23 мақала келіп түсті, атылмыш кафедраның оқытушылары Абдырықын Н,. Керімбеав Е,. Мадиев Д,. Мұқатай К., бағалаушы болып, озып шыққан , ойлы мақалаларды екінші турға жіберді.

2-турда жалпы 12 мақала қатысты, соның ішінен топ жарған, жүлделі орынды иемденгендер: 1-орын Шамурат Бибіжамал 1курс, Шығыстану мамандығы, 2-орын несіпбекова Әсел 1курс, Шетел филолгиясы мамандығы. 2-орын Тортай шұғыла1курс, Шетел филолгиясы мамандығы. 3-орын Махмутова Азиза 1курс Шетел филолгиясы мамандығы. 3-орын Мұстафақызы Карина 2курс Аударма ісі мамандығы. Сонымен белсенді топ жетекші номинациясын Шарыпқазы Нүртәліп жеңіп алды, ал үздік ұйымдастырушы номинациясын Абдырақын Нұрхалық қанжығасына байлады.

Аталған іс-шар 546-үлкен залда 25 қыркүйекте сағат 16:20 басталды, кештің модераторы, осы кешті бастан-аяқ ұйымдастырушы Абдырақын Нұрхалық болды. Алғашқы құтықтау сөзді Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр сөйлеп, сайысқа қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп,  студенттерді жалғасты жақсы оқуға шабыттандырды.

Кештің басты қонағы және әділ қазылар алқасының төрағасы «Әлем халықтары жазушылар одағының» президенті Қайрат Дүйсен болды. Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Фарида қорытынды сөз сөйлеп, студенттердің қалам қуатын жоғары бағалады. Сайыстың жеңімпаздарын «Әлем халықтары жазушылар одағының» президенті Қайрат Дүйсенов жариялады. Арты өлең оқып, ән айтып, әдемі шағын концертке ұласты. Топтық фотоға түсіп тарқасты.