Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени Орталықтың жетекшісімен кездесу

27.09.2018

26-қыркүйекте Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс Оңтүстік Азия кафедрасы парсы бөлімінің жетекшілігімен Тарих факультетінде Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени Орталықтың жетекшісі Масуд Шейхзейнаддин мырзамен студентер мен ұстаздар ұжымы кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстың маңыздылығы аталып, қазақ халқының тарихи жәдігерлері парсы тілінде ұлы ғұлама ғалымдардың еңбектерінде жазылғандығын атап өтті.

«Тарихе Рашиди» , «Меһманамейе Бохара» сияқты құнды еңбектерде қазақ халқы жайында құнды дерек көздерінің бар екендігін құрметті қонағымыз Масуд Шейхзейнаддин мырза шолу жасады.

Иран Ислам Республикасының мәдени өкілі өкілдіктің атынан студентерге факультетің кітапхана қорына парсы тілінің оқулықтар мен тарихи кітаптар сыйға тартылды.