Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Қиыр Шығыс кафедрасы оқытушыларының Тараз қаласының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысы

28.09.2018

Қиыр Шығыс кафедрасы Japan Foundation -мен бірге 3 жыл қатарынан кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жапонтану бөліміне түсетін студенттер санының жыл сайын көбейіп келе жатқаны бұл жұмыстардың нәтижелі жүргізіліп жатқанына дәлел бола алады. 2018-2019 оқу жылында студенттер саны 24- ке жетті . Студенттердің көбісі Қазақстанның түпкір-түпкірінен оқуға келген.

Қыркүйектің 26-28 -і күндері Japan Foundation гранты, «Sakura Network» программасы аясында оқушыларға мамандық таңдауға жәрдемдесу мақсатымен, Қиыр Шығыс кафедрасы Тараз қаласында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Бұл жұмысқа Халықаралық Жапон Қорының маманы PhD докторы Ониши Юми мен Қиыр Шығыс кафедрасының ассистенті Байсеитова Д.С. қатысты.

Оқытушылар Тараз қаласының 3 орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында 200 -ден астам оқушы жапон тілі мен мәдениеті, жапон тағамдарымен таныстырылды. Жоғырғы сынып оқушылары Күн Шығыс Еліне қызығушылық танытып, Жапонияға байланысты сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Оқушылар оригами жасауды үйреніп, соның арқасында олардың Жапонияға деген қызуғышылығы одан сайын арта түсті. Сонымен қатар оқушылар Қиыр Шығыс кафедрасы мен оның оқытушылары, студенттік өмір жайлы 2 видеороликті тамашалады. Оқушыларды әсіресе Жапонияда оқығанда берілетін грант пен шәкіртақы қызықтырды. ҚазҰУ Жапонияның бірнеше университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан. Солардың ішінде Васеда Университеті , Цукуба Университеті , Хоккайдо Университеті, Сайтама Университеті, Токио шет тілдері Университеті . Іс-шараның соңында жапонтану бөлімінде оқуға қызығушылық танытқан оқушыларға Қиыр Шығыс кафедрасы туралы буклеттер берілді.

Кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижелі өткеніне оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы дәлел бола алады.