2018 жылдың 3 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің үндістану бөлімі Үндістанның саяси қайраткері, «Ұлт Әкесі» Махатма Гандидің туған күніне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара бағдарламасына 1,2,3 курстың студенттері, магистранттары, үндітану бөлімінің студенттері қатысты. Бағдарлама Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының әнұрандарының орындалуымен басталды. 1-курс студенттері ән шырқады, хинди тілінде өлеңдер айтты, балливудтық би орындады, магистранттар мен докторанттар презентация көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Конференцияға екінші хатшы - Алматыдағы Үндістан өкілдігінің консулы Мартин Сириак Клеменс қатысып, құттықтау сөз сөйледі.



