Гуманитарлық
Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

1 курс студенттерімен танысу кеші

16.10.2018

15-қазан күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімінде 1 курс студенттерімен танысу кеші  өтті. Мұндай шараны жыл сайын өткізу  ирантану бөлімінде дәстүрге айналған. Биылғы кезекті өткен бұл шараға ирантану бөлімінің оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысты. Бұл кеште жоғары курс студенттері өздерін жеке-жеке таныстырып, болашақта мамандыққа деген қандай қызығушылықтары бар екенін, немен айналысатындарын айтып берді. Айта кетсек 3 курс студенті Жеңіс Аружан Иранда Али Акбар Деһхода атындағы халықаралық парсы тілі орталығында 1 жыл тілдік тәжірибеден өткен сапарындағы қызықты мәліметтерімен бөлісе отырып, Иранның Шираз, Исфахан, Тегеран қалаларының көрнекті жерлерінен түсірген видеосын көрсетті. Кафедра ұстаздары мен жоғары курс студенттері 1 курс студенттеріне кафедраның тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, оларға пайдалы кеңестер айтты. Кеш соңында 1 курс студенттері алғыстарын айтып, өздерін бауырға басқан жоғары курс студенттеріне ризашылықтарын білдірді.