23-қазанда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының иран бөлімінде әдістемелік семинар өтті. Бұл әдістемелік семинар университетке осы оқу жылында жұмысқа қабылданған оқытушылар үшін арнайы өткізілді. Семинар барысында ООӘК-нің құрылымына толығымен сипаттама берілді. Оның ішінде силлабусқа ерекше мән берілді. СӨЖ-на арнайы тоқталып өтілді. ООӘК-ның құрылымына кіретін оқу үдерісінің басты құжаттарын дұрыс рәсімдеуге де аса мән берілді. Оқу әдебиеттерін таңдауда гуманитарлық мамандықтар үшін соңғы 5 жылда жарыққа шыққан әдебиеттерді де қамтудың міндетті екендігі және негізгі деген 5-6 оқулық ғана таңдап алынатыны, силлабуста оқудан күтілетін нәтижелерді Блум таксамониясына сүйене жасау туралы, СӨЖ-на берілетін баллдың пайыздық көрсеткіші 50 пайызға дейін болатыны, емтихан сұрақтарын өз мерзімінде дайындап үлгеру үшін практикалық материалдарды ертерек дайындау қажеттігі туралы кеңестер берілді. Семинар жұмысы оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру үшін бөлім оқытушылары үшін пайдалы болды.

