2018 жылдың 12-14 қараша аралығында «Трансұлттық қауіп-қатерлер, терроризм және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дипломаттарына арналған бағдарлама өткізілді. Аталмыш бағдарлама ИҰЫ-ның Бас хатшылығымен жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің қаржыландыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтті. Бұл шарада Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшылығындағы бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды реттеу мәселелері жөніндегі бөлім басқарушысы А.Мусинов, ҚР Сыртқы Істер министрлігі Азия ынтымақтастығы департаментінің Бас директоры А.Бақаев, Пәкістанның Сыртқы Істер Министрлігінде дипломаттық қызметті атқарушы В.Ахсан сөз сөйледі. Аталмыш бағдарлама терроризм мен ұйымдасқан қылмыстан туындайтын әлемге қауіп-қатерді жақсы түсінуге әсер ететін болады. Қатысушыларға Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Африка, Орталық Азия, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтардағы қазіргі қауіпсіздік жағдайлар туралы қысқаша брифинг өткізілді.
Бағдарлама барысында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылар құрамы мен студенттер, магистранттар атсалысты. Оқытушылар аудармашы болса, студент-магистранттар волонтер ретінде қатысты.

